«Ютуб» әлеуметтік желісінде жарияланған бейнематериал бойынша Созақ АІІБ бастығының бірінші орынбасары полиция майоры О. Амандықовқа қатысты қызметтік тексеру жүргізілді.
Аталған жайт негізінде СДТБТ-не ҚР ҚК-нің үш бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді: 149 «Тұрғынжайға қолсұғумаушылықты бұзу» , 362 «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіліктерді аса пайдалану», 293 «Бұзақылық». Бірнеше сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Тәртіптік комиссиясының шешімімен О.Амандықов Ішкі істер орган қатарынан босатылды. Сондай-ақ, Созақ АІІБ бастығы, оның тергеу ісі бойынша және қызмет бойынша орынбасарлары атқарып отырған лауазымынан босатылды. ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі Созақ АІІБ ЖПҚ бастығын лауазымынан босату туралы ұсыныс Созақ ауданының әкімшілігіне жіберілді.
ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы