Қазақ ұлттық театрының негізін қалаушы, тұңғыш театр режиссері Жұмат Шаниннің туғанына биыл 125 жыл. Қазақ мәдениеті тарихында өшпес ізі қалған актер, режиссер, драматург, музыкант Жұмат Шаниннің құрметіне орай өңірімізде әр түрлі шаралар өтуде. Бүгін «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында өнер қайраткерінің мерейтойына орай «Өнерге өлердей ғашық едім» атты шығармашылық кездесу кеші өтті. Аталған шара барысында елімізге белгілі драматург Сая Қасымбек режиссердің қазақ театрында қалдырған ізі туралы естеліктері мен көпшілік біле бермейтін сыры туралы айтып, еске алды.
Жансая Елемесова