Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасы Шардарада тыңғылықты жүзеге асып келеді. Сәулеттік келбет пен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені мұнымен толастамақ емес. Шағалалы Шардараның шартарапқа белгілі жағалауы енді туристік келбеті жарасқан аймаққа айналмақ. Бұл тұста мемлекеттік бағдарлама шеңберінде бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.
БИЫЛ ЖЕМҚОРЛАРДАН ТӘРКІЛЕНГЕН ҚАРЖЫҒА САЛЫНҒАН 25 МЕКТЕП АШЫЛАДЫ
Бұған дейін апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу үшін Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен 76 738 орынға арналған...