Жаңа тіркеу механизмін іске қосу 1 қарашаға жоспарланған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтем жасап.
«Біз Әділет министрлігі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу процедурасын жеңілдеттік. Бұл үшін ақпараттық жүйені кіріктірдік, ол апробациядан сәтті өтті», — деді ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев.
Оның айтуынша, енді тіркеу кезінде азаматтардан баспанаға құқық белгілеуші құжаттар немесе жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама талап етілмейді.
Мекенжай мәліметтері жүйеге мекенжайдың тіркеу коды негізінде енгізіледі. Жаңа тетік 1 қарашадан бастап республиканың барлық өңірінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында іске қосылады.