Елге еткен еңбек еш кетпейді! Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері Мәди Бегалиев «ТМД елдері хирургтар Ассоциациясының құрметті мүшесі» дипломымен марапатталды.
Мұны бас дәрігердің өзіне, Ресей Федерациясы Санкт-Петербург қаласында өткен ХХІV Халықаралық конгрессіндегі Ассоциациясының президенті табыстаған.
Медицинаның шыңы іспеттес марапатты, еліміз бойынша тек үш азамат қана ие болыпты. Олар Ұлттық хирургия ғылыми орталығының директоры және аталған орталықтың құрметті президенті. Енді міне Оңтүстіктегі аурухананың беделді бас дәрігері де осы құрметке лайық деп танылып отыр.
Сонымен қатар Мәди Бегалиев ұзақ жылдар бойына денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан орасан еңбегі үшін «Қазақстанның құрметті азаматтары» кітабына да енгізілген.