Қазақстандағы «Санитарлық дәрігер» және «СЭС» (санитарлық-эпидемиялық қызмет) ұғымдары әрдайым параға байланысты болып отыр, деп санайды Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
«Үлкен комитет (халықтың денсаулығын қорғау, СЭС — ҚазТАГ), аудандық деңгейге дейін желі таралған, 13 мыңнан астам қызметкері бар. Сонымен қатар, аудандық деңгейде өз өкілдіктері бар мемлекеттік органдар көп емес. Өкінішке орай, біз үнемі алаңдаушылықпен күтеміз. Біреуі қазір ұсталып, біреуі жазаланатын болар ма екен деп», — деді Е. Біртанов сәрсенбіде Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің жұмысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңесте.
«Мемлекеттік сатып алулар бар кезде, үнемі тиімділік пен ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру туралы мәселе туындайды. Денсаулық сақтау комитетінде үлкен тәуекелдер бар. Көптеген кәсіпкерлер үшін «санитарлық дәрігер», СЭС, «инспекция» ұғымы қазірдің өзінде жазалау шаралары, пара беру қажеттілігімен және т.б. бпайланысты.
Ең алдымен, біз комитет жұмысының бейнесін және принципін өзгертуіміз керек», — депсанайды Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы. Аталған комитеттің басшысы Жандарбек Бекшиннің айтуынша, 2016 жылы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін 13 қызметкер жауапқа тартылды.
Дереккөз: kaztag.kz