Атырауда Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің көрмесі ашылды.
Мұнайлы өңір тұрғындарының назарына 250-ден астам тарихи жәдігер ұсынып отыр. Олардың арасында 7-19 ғасыр аралығын қамтитын құнды дерек көп. Әсіресе, қазақ хандығының қалыптасу кезіндегі мәдениет пен өнер, көрші мемлекетттермен сауда-экономикалық байланысты айғақтайтын жәдігерлер мен тарихи құжаттар бар. Соның ішінде, әсіресе, Қаракерей Қабанбай батырдың қанжары жиналғандардың қызығушылығын тудырды. Көрмеде сондай-ақ үш жүздің басын қосқан қазақ ханы Абылай ханның Қытай, Ресей императорларына ел-аралық байланысты нығайту бағытында жазған хаттары да қойылған. Атыраулықтар көшпелі көрмені қазан айының аяғына дейін тамашалай алады.
Берік Байболов, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ғылыми қызметкері:
— Соның ішінде бас назар аударатыны Абылайханның Қытай императоры Цун Лунға мынау мал беру арқылы ол жақтан дәрі-дәрмек алуы. Сол кезде 18-ғасырда қазақ даласында шешек деген аурудың көбейіп кетуіне байланысты осы дәрі-дәрмекпен қамту жөнінде жазған хаты бүгін экспозицияда тұңғыш орын алып отыр.
Дереккөз: 24.kz