2012 жылы ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Сматов Марат Ералыұлы Оңтүстік Қазақстан облысы Еңбекші ауданының прокуроры лауазымына тағайындалған болатын. Осы бес жыл көлемінде прокурор Сматов өзін беделді, білімді басшы ретінде көзге түсе білді. Тұрақты түрде аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, ол жерде көтерілген мәселелерді қолданыстағы заңдарға сәйкес шешіп жүрді. Қызмет барысында оң көрсеткіштерге қол жеткізді. Осындай қызметтің арқасында Сматовты Оңтүстік Қазақстан облысының жаңа прокуроры жоғарғы лауазымға тағайындауға ұсыныс жасады. Марат Сматовқа қатысты ұсыныс қолдау тауып, Бас Прокуордың бұйрығымен Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 37-бабының 4), 12) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 30-бабының 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Қостанай облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды.
Айта кету керек, Марат Сматов «Айғақ» телеарнасымен жоғары деңгейде жұмыс жасап, Заңға сәйкес бірқатар сұхбаттар ұйымдастырылып тұрды. Бұл — телеарна көрермендері тарапынан жоғары бағалуға ие болды.
«Айғақ» телеарнасы Марат Ералыұлы Сматовтың облыс прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалуына орай, қызметіне сәттілік, жұмысын абыроймен атқаруды тілейді.