Облыс әкімі Т.Түймебаевтың 2017 жылғы 10 қазандағы №1-49ө-н/қ Өкімімен облыс әкімі орынбасары Б. Жамаловтың функционалдық міндеттері бекітілді.
Жеке дара іске асыратын және жауап беретін мәселелері:
1) кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму;
2) табиғи ресурстар және табиғат пайдалануы реттеу;
3) денсаулық сақтау;
4) дене шынықтыру және спорт.
ОҚО аумағында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды ұйымдастырады:
1) Оңтүстік Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын;
2) Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын;
3) Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;
4) Қазақстанның су ресурстарын басқару 2014-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;
5) өзінің құзіретіне кіретін бағыттар бойынша «Ақпаратты Қазақстан — 2020» 2013-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;
6) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын;
7) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдаламасын;
8) өзінің құзіретіне кіретін бағыттар бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай» 2017-2021 жылдарға арналған даму бағдарламасын.
Төмендегі мәселелерге басшылық жүргізеді:
1) өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысына мониторинг жасау, олардың қызметінің тиімділігін талдау және Оңтүстік Қазақстан облысындағы өндірістің өсуінің және экспорттық әлеуетінің қазіргі бар қорларын анықтауды;
2) өндірістік және инновациялық әлеуетті аумақтық ұйымдастыру, өндіріс қуатының тиімділігі , технологияларды жаңғырту мен трансферттеу мәселелерін ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облысының индустриялық-инновациялық дамуы мен инновациялық белсенділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеуді;
3) индустриялық-инновациялық салада халықаралық және шекаралас ынтымақтастық мәселелерін іске асыру, жобаларды іске асыру үшін, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының шикізат қорын тиімді игеру және оны тереңдетіп өңдеу бойынша жаңа өндірістер құру мақсатында инвесторларды тартуды;
4) қолданыстағы заңнама шеңберінде жобаларды іске асыру үшін инфрақұрылыммен, қажетті қаржылық қаражаттармен қамтамасыз ету, техникалық және консультативтік көмек көрсету жағдайларын жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;
5) қолданыстағы заңнама шеңберінде инновациялар мен озық технологияларды, өнімдер мен қызметтердің жаңа түрлерінің инновациялық әзірлемелерін шапшаң игеруді енгізу үшін жағдайлар жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;
6) Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді дамыту (туризм инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде туристік салаға инвестициялар, соның ішінде шетелдік инвестиция тарту) мәселелерін іске асыруды;
7) кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік органдармен бизнес-қоғамдастығының өзара әрекеттесу мәселелері, кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді төмендету, бизнесті қолдау бағдарламаларын іске асыруды;
8) отандық тауарөндірушілердің (қазақстандық мазмұндағы) өнімдерін ұлттық компаниялармен және жүйе құраушы кәсіпорындармен сатып алу көлемін арттыру мәселелерін іске асыруды;
9) өндірістік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және олардың өнімдерін сыртқы рыноктарға жылжыту мәселелерін іске асыруды;
10) табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін іске асыруды;
11) денсаулық сақтау мәселелерін іске асыруды;
12) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерін іске асыруды;
13) Мемлекеттік органдардың спорттық іс-шараларды дайындау мен өткізу жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.
Төмендегі мемлекеттік органдар мен ұйымдар іс-қимыл жасайды:
1) Республикалық деңгейдегі Президент Әкімшілігімен, Премьер-Министрі Кеңесімен, Инвестициялар және даму, Ұлтық экономика,Денсаулық сақтау, сыртқы істер министрліктерімен, басқа да мемлекеттік орталық органдармен, Қазақстан Республикасының шет елдердегі елшіліктері мен өкілдіктерімен, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен, «КазАгро» ҰБХ» акционерлік қоғамымен және өзге де ұлттық холдингтермен, даму институттары мен ұлттық компаниялармен;
2) өңірлік деңгейдегі Инвестициялар және даму, Қаржы Ұлттық экономика, Энергетика, Денсаулық сақтау министрліктерімен, «сараптама және сертификаттау ұлттық орталығы» АҚ-ның филиалымен, «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпарациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалымен, банктермен, жоғарғы оқу орындарымен және ғылыми ұйымдармен.
Үйлестіру жұмыстарын қамтамасыз етеді:
1) өз құзіретіне жатқызылған мәселе бойынша аудандық және қалалық әкімдіктердің;
2) «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының, «Оңтүстік» индустриялық аймағының, мемлекеттік-жекешелік әріптестігінің;
3) Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының, «Максимум» өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС, «Ырыс» микрокредиттік ұйымының;
4) салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша.
Облыс әкімдігінің уәкілетті органдарының қызметіне басшылық жасайды:
1) облыстық кәсіпкерлік, идустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының;
2) облыстық табиғи ресурстар табиғат пайдалануды реттеу басқармасының;
3) облыстық денсаулық сақтау басқармасының;
4)облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының;
5) «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясы» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сраптама кеңесіне және өзге де кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция тарту жөніндегі консультативтік-кеңестік органдарының.
Облыс комиссиясы мен жұмыс топтарының жұмысын ұйымдастырады
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссииясының, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу арқылы барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі, тікелей келіссөздер жүргізу арқылы техногендік минералдық түзілімдерді пайдалануға арналған шартты жасасу жөніндегі жұмыс топтарының жұмысын үйлестіреді.
Өзі жетекшілік ететін бағыттарға сай салаларда қабылданып отырған облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға және мемлекет саясатына сәйкес болуына жеке дара жауапты болады.