Оңтүстік Қазақстан облысында шағын және орта кәсіпкерлігін дамытуға қолайлы жағдай жасау мақсатында барлық аудан және қалаларда индустриялық аймақтар құрылғандығы туралы Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы брифинг барысында айтып өтті.
Бүгінгі таңда 959 гектар жерді құрайтын 11 индустриялық аймақ бар болса, оның ішінде облыс орталығында 4-і жұмыс істеп тұр.
9 аймақ іске қосылып (699 га), 165,4 млрд. тг. сомаға 10 мыңнан астам жұмыс орнын ашу мүмкіндігі бар 172 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 67 жоба іске қосылып (жалпы құны 34,8 млрд. тг.), 4 мың жаңа жұмыс орны ашылды.
2017 жылы жалпы сомасы 8,7 млрд. теңгені құрайтын 14 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның 4-уі іске қосылды: Созақ ауданында «Сырлы Созақ» ЖШС (222,9 млн. тг., 50 ж.о.), Қазығұрт ауданында «Отырабат-Құрылыс» ЖШС (120 млн. тг., 12 ж.о.), Шымкент қаласында «ДезФумекс» ЖШС (30 млн. тг., 15 ж.о.) және «Бумпром» ЖШС (100 млн. тг,. 30 ж.о.)
Республикада бірінші болып іске асырылған «Оңтүстік» индустриялды аймағы өзінің тиімділігін дәлелдегенін атап өту қажет. Аймақта 21,4 млрд.тг. 46 жоба іске асырылып, 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
«Айғақ» республикалық газеті.