Облыстық бюджет көлемі 4,7 млрд. теңгеге ұлғайып, жалпы 512,5 млрд. теңгені құрап, нақтылауға ұсынылып отырған жобасында 4,7 млрд. теңгеге өсуімен көзделуде. Аталған қаражат төмендегі бағыттарға жұмсалатын болатынын, ОҚО Қоғамдық Кеңестің кезекті отырыснда айтылды.
Облыс әкімі аппаратының ұстау шығындары мен материалдық-техникалық базасын нығайтуға жалпы 129,6 млн. теңге қарастырылуда.
Облыс әкімі аппаратының қосалқы басқару пунктінің байланыс жүйелеріне қосымша 25,9 млн. теңге бағытталуда.
Облыстық жер инспекциясы басқармасына материалды-техникалық базасын нығайтуға қосымша 18,6 млн. теңге бөлінбек.
Ішкі істер департаментіне қала көшелерінде құрылыс жұмыстары жүргізілуіне байланысты бейне бақылау камералары жүйелері мен кабельдерді жылжыту, коммуналдық шығындарға және 143 дана дауыс күшейткіш құрылғысын сатып алуға жалпы 96,6 млн. бағытталауда.
Облыстық білім беру ұйымдарының жалпы 15 сынып-жиынтыққа арту есебінен еңбекақы қорына қосымша 33,5 млн. теңге қарастырылуда.
Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жалпы 605,2 млн. теңге, оның ішінде 20 медициналық тіректер үшін қажетті ғимараттарды сатып алуға 600 млн. теңге қаралуда.
«Өрлеу» жобасы арқылы аз қамтылған еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді түріне тарта отырып шартты қаржылай көмек беруге 1665,9 млн. теңге бағытталуда.
18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы төлкеуге 973 млн. теңге қарастырылуда.
Мәдениет саласын дамыту бойынша Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылдық округі бәйдібек ата елді мекеніндегі 150 орындық мәдениет үйінің құрылысын аяқтауға 25,8 млн. теңге бағытталуда.
Апатты жағдайдағы үйдің тұрғындарына өтем ақсын төлеуге 53,5 млн. теңге (Төлеби ауданы, Ленгер қаласы Төлеби көшесіндегі №348 екі қабатты үйлер) бағытталуда.
Кентау қаласы бойынша жылу құдықтарын жөндеуге жалпы 25,2 млн. теңге бағытталуда.
«Айғақ» республикалық газеті.