«Қасиетті Қазақстан» телеэкспедициясы еліміздің батыс өңірлеріндегі түсірілім жұмыстарын аяқтады. «Ұлы дала жолы» жобасы аясында Шымкенттен басталған «Айғақ» телеарнасы шығармашылық тобының түсірілімі Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау облыстарында бір жеті бойы жүргізіліп, 5 500 шақырым қашықтықты еңсерді. Бейсенбі күні Ақтау қаласына табан тіреген делегация тарихи-орындарды назардан тыс қалдырған жоқ.
Ақтау қаласы — Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Қаланың оңтүстік шығысында 40 шақырым жерде әйгілі Қарақия ойысы жатыр. Жер бедері тегіс, ол негізінен коррозиялық және дефляциялық әрекеттерден түзелген.
Кеңестік ғылымға сәйкес Еуропа мен Азияның шекарасы Мұғалжардан басталып, Ембі өзенінің бастауына дейін, одан Ембі бойымен Каспий теңізіне дейін жүргізілетін. 1950 жылдарға дейін Қазақстан аймағындағы Еуропаның шекарасы Жайық өзенінің бойымен өтетін.
2010 жылдың сәуір-мамыр айларында Орыс географиялық қоғамының экспедициясы Еуропа шекарасын Мұғалжар арқылы, одан Каспий маңы ойпаты (Шығыс Еуропалық жазығы бітіп, Үстірт үстіртінің батыс бөлігі өтетін жер) арқылы өту керек деген қорытындыға келді. Мұндай жағдайда Еуропа шекарасы қазіргіден әлдеқайда оңтүстікке қарай ығысады. Қазіргі кезде Орыс географиялық қоғамының ғалымдар тобының пікірі Халықаралық географиялық одақтың қолдауына ие болмады. Демек, егер Халықаралық географиялық одақ Орыс географиялық қоғамының қорытындысын қолдаса, Маңғыстау облысының бір бөлігі Еуропада орналасқан болып шығады.
Ақтау қаласы Ленинград қаласының үлгісі бойынша қалана бастады. Ақтау қаласының әкімшілік құрамына Өмірзақ кенті кіреді. Қалада екі көшенің атауы бар. Бірі Бірінші Президент көшесі, екіншісі Тәуелсіздік даңғылы. Қала ықшамаудандарға бөлінеді. Қала шағынаудандарға бөлінгендіктен керекті жерді табу оңай. Мекен-жайды атағанда аудан үй пәтер ретімен айтады. Мысалы 13-6-72. Қазіргі уақытта 31 ықшамаудан бар. Әрбір шағынауданда шамамен 50-70-дей үй бар, әр үйде орташа есеппен алғанда 60 пәтер бар. Қазіргі уақытта Ақтау қаласының солтүстігінен Ақтау-Сити қаласының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жоба Біріккен Араб Әмірліктерінің қолдауының арқасында 2007 жылы іске асырыла бастады.
Сонымен қатар, еліміздің мақтанышы Үстірт жерін түсіріп, бейнефильм дайындауды мақсат тұтып отырған шығармашылық ұжым әйгілі Бозжыра шатқалына да барды.
Үстірт — батыста Маңғыстау түбегі мен Қарабұғазкөл шығанағы, шығыста Арал теңізі мен Әмудария атырауы аралығын алып жатқан дөңесті аймақ. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытта 550 — 600 км-ге созылған, ені 300 — 400 км. Ауданы 200 мың км². Үстірттің орташа биіктігі 150 — 200 м, оңтүстік-батысындағы ең биік жері 341 м (Мұзбел жоны). Тұран ойпатында орналасқан, геологиялық құрылымы ұқсас. Үстірттің солтустікте бөлігі мен шығыс бойлықтың 56 °C-қа дейінгі батыс бөлігі Қазақстан аумағына кіреді (Маңғыстау облысы), қалғаны Өзбекстан жерінде. Үстірт төңірегіндегі жазықтан тік жарлы кемер бойынша көтерілген және үсті жалпақ, жазық дөң күйінде. Үстірт жазығында аласа жондар және оларды бір-бірінен бөліп жатқан ойыс, ойпаттар кездеседі. Үстірттің орталығы бөлігінде Қарабауыр жоны бар. Ең ойыс жерлерін сор басқан, мысалы, солтүстігіндегі Қаратүлей, Жауынқұдық, Асмантай-Матай, Қосбұлақ ойыстарында, оңтүстігіндедегі Ассеке-Аудан ойысында сор басқан ойпаттар көп. Орт., шығыс, оңтүстігінде әктас, гипстің суда еруінен пайда болған ұзың 5 — 25, тереңдегі 1 — 2 м үңгірлер (Балаұйық үңгірі), қазаншұңқырлар кездеседі. Үстірт шөл аймағында жатқандықтан жазы ыстық (шілденің орташа температурасы 29 °C, кейде 40 °C, одан да жоғары), қысы салқын (қаңтардың орташа температурасы –12, кейде –25 — 30 °C), ауасы құрғақ (30 — 60%), жауын-шашыны аз (150 мм), желі күшті әрі ұзақ уақыт соғады, қардың қалынд. 10 см-ге жуық. Қыста кенет күн жылынып, қар еріп, қатып көктайғақ болады, боран соғады. Үстіртте өзен, тұщы көл тіпті жоқ, бірақ ауыз суға, жер суландыруға жарамды жер асты суының мол қоры анықталды (қала Үстірт артезиан алабы). Сұр, бозғылт қоңыр топырағында жусан, бұйырғын, сораң, т.б. шөптер сирек өседі, ойыс-ойпаттарында сарсазан, баялыш, қара сексеуіл тоғайлары кездеседі. Құмды өңірінде теріскен, жүзгін, еркекшөп, т.б. өседі. Жануарлар дүниесінен бауырымен жорғалаушылар, тышқан, қоян, бөкен, қарақұйрық, т.б. мекендейді. Үстірт көктемде, жазда, күзде мал жайылымы, қойнауында мұнай мен газдың мол қоры анықталған; қала Үстірт мұнайлы-газды алабы.
Үстірт (Маңғыстау) Тұран ойпатының батыс бөлігін құрылымдық – денудациялық Үстірт алып жатыр. Үстірт Арал теңізімен Каспий маңы ойысы мен тік беткейлі кемерлер арқылы шектеледі. Оның беткі қабатын қалындағы бірнеше оңдаған метрге жететін қалын әктас қабатты бостау жыныстар бұзылудан сақтайтын қалқан қызметін атқарып тұрады. құрымдылық денудациялық үстірттін беті біршама тегіс әрі әлсіз көлбеу болып келеді. Сирек жағдайда солтүстік – батыста бағытталған ірі жолдармен терең ағынсыз ойыстармен күрделенген жондардың беті тегіс. Абсолют биіктігі 22 метрден (солтістік жон) 314 метрге дейін (мұзбел) артады жондардын аралығындағы ойыстардын табанының абсалют биіктігі 63 метрден (барса келмес ойысы) 100 метрге дейінгі аралықты ауытқиды. Үстірттің беті астау тәрізді кристалды ойыстарда күрделендіріледі. (kk.wikipedia.org)
Бозжыра – Үстірттің шеткі шыңдарының бір бөлігі. Мұнда табиғат қиялына ерік беріп, ақ түсті ерекше ландшафт жасап шығарған. Бозжыраның басты ерекшелігі – пішініне қарап Азу аталып кеткен екі әктас шың. Олардың түбінен ұшына дейінгі биіктігі – 200 метрден асады. Аздаған адам ғана білетін соқпақ жол саяхатшыны тар алаңқайға алып шығады, ол жерде Бозжыра қамалдар алқабының айрықша көріністері ашылады.
Делегация 1 күнін Бекет Ата жерасты мешітіне арнады.
Бекет Ата жерасты мешіті — Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші. Үш-төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлме. Дерекке сүйенсек, Бекет ата 1750 жылы туылып, емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Жергілікті дін ғұламаларының арасында атақ-даңқы өсіп, Пір атанады. Пайғамбар жасында дүние салады. Бекет атаның мүрдесі осы жерасты мешітіндегі бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Бұл кенде мешіт басы күні-түні әулие басына зиярат етушілерден бір арылмайды. Өлкедегі аса қастерленетін, ислам әлемінде әйгілі ескерткіш – Оғыланды жеріндегі (Үстірттің батыс шыңдары) Бекет-Ата жерасты мешіті. Мешіт Шопан-Ата қорымынан 100 км шығыста орналасқан. Бұл жерде қазақ халқының ұлы данасы Бекет Мырзағұлұлының өзі жерленген. Бекет Мырзағұлұлы 1750 жылы Атырау облысының Жылой ауданы,Ақкиізтоғай ауылында дүниеге келген.Ол жастайынан әдiл және адамгершілігі мол батыр болып өскен. Аңызға сүйенсек, жасы үлкен Шопан атадан рухани бата алып, Хиуаға оқуға аттанған Бекет-ата медресені аяқтап, қырық жасында сопы болып, пір (мұғалiм, жетекшi) атағына ие болады. Өзінің ғұмырында әулие Бекет-ата Маңғыстауға келіп орныққанға дейін ұзақ жолдарды кешті. Ол адамдарды емдеп, балалардың сауатын ашты, даулы мәселелердi шешуде екi жақты келiсiмге алып келген даналық таныта білді. Бекет-ата шындықта өмiр сүрiп, әділ болуды және жақсылық жасауды уағыздап өткен. Атаның 5 мешiт тұрғызғаны мәлім: бiрiншiсі Құлсарыдағы – Ақмешiт деп аталса, екіншісі Бейнеу селосынан 17 шақырым борлы жартаста Бейнеу қорымында, үшiншiсі – Үстірт жазығындағы Байшағыр жерінде делінеді, сондай-ақ Бозашы түбегі маңындағы Тиген елді мекенінен 37 шақырым қашықтықтағы Тобықты жеріндегі және өзінің мәңгі мекеніне айналған Оғыланды тауының ақборлы жартасты мүйісі қабатынан ойып қашалған мешіті. (Kazislam.kz)