221

1 трлн теңгеге жаңартылмалы энергия көзінің 53 станциясы салынады

Мұндай жоспар ЭКСПО көрмесі кезіндегі келісімшарттар нәтижесінде құрылды.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 957 МВт-тық 22 жел станциясы, 750 МВт-тық 18 күн электростанциясы және 268 МВт-тық су электростанциясы салынбақ. Олардың жалпы қуаттылығы 2 ГВт-қа жетеді.

Айта кетейік, Қазақстанның жасыл дамуы жоспарынша, 2020 жылға дейін шығарылатын қуаттың 3 пайызын, 2030 жылға дейін 10 пайызын жасыл энергияға жеткізу көзделген.

Ал 2050 жылға қарай аталған көрсеткіш 50 пайызды құрауы тиіс.

«Қағаз жүзінде министрлік аталған көрсеткіштерді орындап жатыр. Ал іс жүзінде жасыл энергетиканың дамып жатқаны жоқ. Оған себеп тиісті заңнаманың әлсіздігі, аукционды жүйеге өтудің шикілігі мен девальвация», дейді Қазақстанның жасыл энергетика қауымдастығының басшысы Арман Қашқынбаев.

«Біздің әлеуетіміз үлкен. Жиырма бірінші ғасырда бұл қалыпты нәрсе секілді жұмыс істеп тұруы керек», дейді Қашқынбаев.

Дереккөз: naryk.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!