«Жолаушылар тасымалы» АҚ күз маусымына «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздарына вагондар санатына байланысты 25 %-ға дейін қосымша жеңілдіктер жариялайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Аталған пойыздарға тарифті икемді реттеу бағдарламасы енгізілген. Яғни билетті неғұрлым еретерек сатып алсаңыз, соғұрлым арзанға түседі. Мәселен, билетті 35 пайызға дейін арзанға алуға болады. (Пойыздың жүретін күні жақындаған сайын билет құны да өсе түспек).
Демек, жаңа жеңілдіктерді есептегенде жолаушы алдын ала билет алса, 50 пайыздан астам жеңілдікке қол жеткізеді.
Сонымен қатар, бұдан бұрын енгізілген жолаушылардың төмендегі топтарына арналған дисконтты карталардың да күші сақталады:
«Кұрмет» – 30% жеңілдік;
«Жастар» –30% жеңілдік;
«Саяхатшы» – 10% -20% жеңілдік;
«Ардагер» – 99% жеңілдік;
«Ардагер+» – 50%жеңілдік;
«Қамқор» –50% жеңілдік;
«Ардақты ана» – 30% жеңілдік.
Дереккөз: baq.kz