Латын әліпбиіне қатысты интернет-портал іске қосылмақ, деп хабарлады елордаинфо сайты. Хабарда айтылғандай, бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференцияда Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов хабарлады.
Сөзінше, қазіргі уақытта «Қазлатын» атты интернет-портал ашу жоспарланып отыр. Онда қолданушылар латын әліпбиіне көшуге қатысты барлық жаңалықтарды таба алады.
— Осындай сайттар, порталдар біздің жасап жатқан жұмысымызды жеңілдетеді. Қандай жұмыстар болып жатыр, қандай нәрселер істелу керек, қандай ғылыми шаралар бар, солардың барлығынан хабардар ететін боламыз сіздерді, — деді Ербол Тілешов.
Жаңа әліпби бірер күн бұрын Мемлекет басшысына таныстырылған еді. Ербол Тілешовтың айтуынша, жұмыс тобына елімізге танымал 5 ғалым кірген. Ал, әліпбидің жобасын жасауға атсалысқан мамандарға қосымша қаражан төленбеген.
Дереккөз: ҚазТАГ.