Облыс әкімі Т.Түймебаевтың 2017 жылғы 10 қазандағы №1-49ө-н/қ Өкімімен облыс әкімі орынбасары Т.Сәрсембаевтың функционалдық міндеттері бекітілді.
Жеке дара іске асыратын және жауап беретін бағыттары:
1) экономика және бюджеттік жоспарлау;
2) салық және қаржылық саясат;
3) мемлекеттік сатып алу;
4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы;
5) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;
6) мемлекеттік тұрғын үй саясаты;
7) тарифтік саясат.
Төмендегі мәселелерге басшылық жүргізеді:
Атап айтқанда: Облыстың экономикалық реформалар мәселелері бойынша, облыстың коммуналдық меншігін басқару, жергілікті бюджеттер, бюджеттен тыс және өзге де қорлар қаражаттарының жиналуы мен жұмсалуын талдау және мониторинг жүргізу мәселелеріне басшылық етуді, облыстық бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің атқарылуын қамтамасыз етуді, әлеуметтік саланың мемлекеттік мекемелерін және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды ұстауға бағытталатын қаржы ресурстарының мақсатты бөлінуіне бақылау жасауды, ауылдық аумақтарды дамыту және мемлекеттік сатып алу мәселелеріне басшылық етуді іске асырады.
Келесі мәселеге бақылауды қамтамасыз етеді:
1) облыс рейтингісінің және облыстың аудандары мен қалалары әкімдері рейтингісінің;
2) республикалық, сондай-ақ облыстық деңгейде болсын мемлекеттік органдардың жүргізетін қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне.
Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асыруды ұйымдастырады:
1) Оңтүстік Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын;
2) Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын;
3) өзінің құзыретіне кіретін бағыттар бойынша инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын;
4) «Ақпаратты Қазақстан — 2020» 2013-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;
5) өзінің құзыретіне кіретін бағыттар бойынша «Нұрлы жер» даму бағдарламасын;
6) табиғи монополиялар субъектісінің инвестицияалық бағдарламасын (жобасын) келісу мәселелерін.
Үйлестіру жұмыстарын қамтамасыз етеді:
1) өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша аудан және қала әкімдіктерінің жұмысын үйлестіреді;
2) Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы «ОҚО бизнесі» өңірлік үйлестіру кеңесінің.
Басшылқ жасайтын уәкілетті органдар:
1) облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының;
2) облыстық қаржы басқармасының;
3) облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының;
4) облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының;
5) облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының.
Облыс әкімі аппараты ішкі аудит қызметімен өзара іс-қимыл жасайды.
Аумақтық мемлекеттік органдармен іс-қимылы:
1) Оңтүстік Қазақстан облысы ревизиялық комиссиясымен;
2) Оңтүстік қазақстан облысы статистика департаментімен;
3) Оңтүстік Қазақстан облысы қазынашылық департаментімен;
4) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен;
5) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің департаментімен.
Өзі жетекешілік ететін бағыттарға сай салаларда қабылданып отырған облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға және мемлекет саясатына сәйкес болуына жеке дара жауапты болады.