«Батыс Еуропа — Батыс Қытай» жолымен жүре келген автокеруен сапардың үшінші таңын Ақтөбе қаласында атырып, түс ауа күре жолдың соңғы нүктесіне дейін барды. Тарқатып айтсақ, Дулат Әбіш бастаған делегация мүшелерімен «Айғақ»телеарнасының түсірілім тобы табан тіреген бұл аймақ Ресей елімен Қазақстан жерін бөліп тұрған Ақтөбе қаласындағы екі елдің шекарасы. Айта кетейік, бұл шекара арқылы Ресей жеріне тәулігіне 12 мың жүк көліктері, тауар тасымалдайды екен. Бұл дегеніңіз, ғасыр жобасы мемлекеттер арасын тығыз байланыстыра отырып, экономикамызды көтеруде басты рөл атқаратын жол болған.
Суретте: Дулат Әбіш — ОҚО Қоғамдық Кеңесінің мүшесі, ОҚО мәслихатының депутаты, «Ұлы дала жолы» делегациясының жетекшісі
Ғани Шаймарданов — меценат, «Ұлы дала жолы»делегациясының мүшесі