111

ҰҚК Ислам мемлекеті (ИГИЛ) құрамында қанша қазақстандық жүргенін жария етті

Ислам мемлекеті (ИГИЛ) мен басқа да террористік топтарда қанша қазақстандық жүргенін ҚР ҰҚК жариялады. Мекеме терроризм мен экстремизмге қатысты қанша істі тергеп жатқанын да мәлімдеді. Бұл туралы мекеме Today.kz сайтының арнайы сұранысына берген жауабында айтты.

ҰҚК «Ислам мемлекетіндегі» қазақстандықтардың саны азайып жатқанын байқаған.

«Ислам мемлекеті мен басқа да халықаралық террористік ұйымдарда жүрген қазақстандықтар саны әйел, бала-шағасын қоспағанда 150 адамнан аспайды, адам саны содырлар өлім құшып, отбасымен бірге тұтқынға түскен сайын азаюда», — делінген хабарламада.

ҰҚК Қазақстанда қанша адам терроризм мен экстремизм үшін сотталғанын да жария етті.

«2017 жылы террористік, экстермистік қызметке қатысқан 90 адам сотталды», — деді мекеме.

Осы қызметі үшін сотталған азаматтарды қалпына келтіру жұмыстары тұрақты түрде жүруде. ҰҚК мәліметінше, террористік не экстремистік деп табылған 23 ұйымға тыйым салынған.

Ислам мемлекеті (ИГИЛ) — Қазақстан Республикасында жұмыс істеуіне тыйым салынған халықаралық террористік ұйым.

Дереккөз: zakon.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!