2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің көлемі 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,3% -ға өсті, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.
Хабарда айтылғандай, 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2016 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ, металл кендерінің және көмірдің өндірісі ұлғайды. Тамақ өнімдері, мұнай өңдеу, фармацевтика, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өнімдерінің өндірісі өсті. Сонымен бірге темекі өнімдерінің, резеңке және пластмасса бұйымдарының, электронды және оптикалық өнімдердің өндірісі төмендеді.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу көрсеткіші 11,3% -ға, өңдеу өнеркәсібінде — 5,7% -ға, электр қуатында, газбен, бу беру және ауа баптауда — 5,1% -ға өсті. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда көрсеткіш 0,2% -ға төмендеді.
Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында мұнай конденсатын өндіру көлемі 64 млн. тоннаны құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5% -ға өсті), мыс кені — 73,5 млн. тонна (+ 27,8%). Бензин — 2,3 млн. тоннаны (+ 6,1%), газойль — 3,4 млн. тоннаны (-3%) құрады. Илеме болат өндірісі -2,2 млн. тонна (-4,6%), тазартылған мыс — 0,3 млн. тонна (+ 2,9%), портландцемент — 7,5 млн. тонна (+ 2,2%), 75 млрд. КВтсағ (+ 11%), ұн — 3 млн. тоннаны (+ 9,9%) құрады.
Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалды.
Дереккөз: kaztag.kz