c81e728d9d4c2f636f067f89cc14862c-6

Қазақстандық автомобилдер Өзбекстанға экспортталады

Осы жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстанда өндірілген машиналарды Өзбекстанға тасымалдау баж салығы кедендік құнның 2%-ын құрайды. Бұл туралы қаулыға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзяев қол қойды.

Бұған дейін Қазақстаннан әкелінетін көліктер үшін қозғалтқыш көлемінің әрбір куб сантиметріне 2,4 доллар құн қойылған болатын. Ал Ресей мен Украина үшін жеңілдетілген заңнамалар қарастырылған.

Қыркүйек айында өткен Ташкенттегі бизнес-форумда қазақстандық өндірістегі машиналар таныстырылған болатын. Көрсетілімге Қостанайда жиналған “СарыаркаАвтоПроме” компаниясының JAC, Peugeot және электр тогымен жүретін JAC автокөліктері әкелінді. Сондай-ақ “Узэкспоцентрде” Қазақстанда жиналған Lada және газбен жүретін “Vesta” таныстырылымы болды. Форумнан кейін қазақстандық өндірушілер экономика министрі Тимур Сүлейменовке жолығып, Өзбекстанға автокөліктер экспорттауға дайын екендіктерін жеткізді.

Бүгінгі таңда Қазақстан автомобилдердің 60 түрін шығаруда. Әзірге өндірушілер Өзбекстанға қанша көлемде және қандай машиналар экспорттайтыны жайлы ақпарат бермеді. Осы күнге дейін Өскенменде жиналған екі мыңға жуық Lada 4×4 автокөлігі осы жылдың бірінші тоқсанында Қытайға экспортталды. 2018 жылдың соңына дейін Қостанайда жиналған JAC және Peugeot машиналарын екі мың данасын Душанбеге жіберу көзделіп отыр.

Дереккөз: baq.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!