Қазақстанның индустриялық-иновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 2015-2019 жылдары Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында құны 1,2 трлн. теңгеге 17,5 мыңнан астам жұмыс орнын құрайтын 135 жобаны іске асыру жоспарланған.
Мемлекеттік бағдарламаның аясында Оңтүстік Қазақстан облысында индустриялық-иновациялық дамуды қамтамасыз ету үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, 2015 жылы облыста 38 млрд теңге құрайтын 25 жоба іске асырылып, нәтижесінде 918 жұмыс орны ашылса, 2016 жылы 73,4 млрд. теңге құрайтын 19 жоба іске асырылып, нәтижесінде 679 жұмыс орны ашылды.
2017 жылдың 9 айында құны 2,3 млрд. теңге құрайтын 5 жоба іске қосылды.
Ал келесі жылдары, кәсіпкерлікті қолдау картасының жүзеге асырылуы төмендегі көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарлануда:
· 2018 жылы – 30 жоба, 639,3 млрд. теңге, 3788 жұмыс орны;
· 2019 жылы – 26 жоба, 38,7 млрд. теңге, 2595 жұмыс орны;
· 2020 жылы – 11 жоба, 130,9 млрд. теңге, 4789 жұмыс орны;
· 2021 жылы – 7 жоба, 325,4 млрд. теңге, 4326 жұмыс орны;
Мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуын тұжырымдасақ 2015-2016 жылдары және 2017 жылдың 9 айында 47,8 млрд. Теңгені құрайтын, 1732 жаңа жұмыс орынның ашылуымен 49 жоба іске қосылды.
«Айғақ-ақпарат»