Оңтүстік Қазақстан облысында индустриялық-иновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2017 жылы 37 млрд. теңге құрайтын 17 жоба іске асыру жоспарлаған болатын. Үстіміздегі жылдың 9 айында 2,3 млрдтеңгені құрайтын 5 жоба іске қосылды. Атап айтқанда:
1. «Рахат Шымкент» ЖШС тарапынан құны 850 млн. теңгені құрайтын вафельді түтікшелерін өндіру жобасы іске асырлды. Жылдық қуаттылығы – 1700 тонна.
2. Құны 619 млн. теңгені құрайтын жүгері өңдейтін зауытты «Азиа агро» ЖШС салды. Аталған компания құс фермаларын құрама жеммен қамтамасыз ету мақсатында өзі жүгеріні өсіріп, қайта өңдейді. Жылдық қуаттылығы – 5000 тонна.
3. «Сырлы Созақ» ЖШС пластмассалық бұйымдар мен қалдықтарды қайта өңдеу арқылы уран өндіретін кәсіпорындарға арналған полиэтиленді құбырларды құбырларды шығаратын зауыт (ИА Созақ ауданы). Жылдық қуаттылығы – 1000 тонна. Құны 222,9 млн. теңгені құрады.
4. «Рахманқұлов А.П.» ЖК «Белла Мебель» брендімен корпусты жиһаз өндіруді бастады. Зауыт заманауи технологияларды пайдаланады. Жобаға 550 млн. теңге қаржы жұмсалды.
5. «Отырабат-Құрылыс» ЖШС – газдалған бетон өндіретін зауыт. Жобалық қуаты – 9000 м3. Жобаның жалпы құны 120 млн. теңгені құрайды.
Қалған 34,7 млрд. құрайтын 12 жоба жылдың соңына дейін іске қосылады.
Оның ішінде «Шымкентцемент» АҚ өндірісті жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Жоба жүзеге асырылғанда, энергия сыйымдылығын 2,5 есеге азайтуға және цементтің құнын айтарлықтай төмендетуге болады. Кәсіпорын жылына 1,2 млн. тонна цемент өндіре алады.
«Hill Corporation» ЖШС қолданылған майларды регенерациялау және консистенттік материялдар өндіріс жобасын іске асыруда. Кәсіпорын жылына 30 мың тонна өнім шығаратын болады.
«Айғақ-ақпарат»