Қайғылы оқиға 6 қазан күні жергілікті уақыт бойынша 03:239 минутта болған. Мәлімет бойынша, Қазақстан нөмірі тағылған автобус «Покров» станциясында теміржолдың жүруге тыйым салатын белгісін елемей, өткелге шығып кеткен. Оны Санкт-Петербург — Нижний Новгород бағытында келе жатқан пойыз соққан.
Соңғы мәлімет бойынша жол апатынан автобустағы 18 адам қаза тапқан. Ал 5 адам ауруханаға жеткізілген. Автобуста жалпы саны 50 адам болыпты.
«Владимир облысы мен төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша соқтығысқан көліктің мемлекеттік нөмірі UDA668, 13 Mercedes жолаушылар автобусы
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов қазір министрлік оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын, мәлімет белгілі болғанда хабарлайтынын айтты.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатқаны айтылады. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы мен қаза тапқандардың аты-жөндері анықталып жатыр.