Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев облыс әкімі болып 2016 жылы 7 қыркүйек күні тағайындалды. Ж. Түймебаевтың бір жыл ішінде нақты атқарған және атқарылатын жұмыстары туралы мәліметті оқырмандардың назарына ұсынамыз.
Нақты атқарылған жұмыстары:
— 2017 жылы облысқа 266 млрд теңге инвестиция тартылды;
— Жыл басынан бері шетел инвесторларымен 40-тан аса іскерлік кездесу ұйымдастырылды;
— ОҚО әкімі қызметтік міндетін атқару кезінде мерт болған ТЖД қызметкерінің туыстарына баспана кілтін табыстады;
— Мемлекеттік қызмет және мәдениет саласында еңбек етіп жүрген 90 қызметкерге және үш ұстазға пәтер кілтін салтанатты түрде табыстады;
— Биыл, жаңа оқу жылы 20 мектептің ашылуымен басталды;
— Облыста «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін 158 кооператив ашылды. Бұл кооперативтерде 3 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Бүгінгі күні мүшелер саны 20-дан көп, кооперативтерде 33 сүт қабылдау бекеті жұмыс істеп тұр;
— VII Азаматтық форумы өтті
— Сауда-көрме орталығы құрылды;
— ОҚО-да Қазақ-өзбек бизнес конференциясы өтті;
— Шымкент қаласында 3 мың оқушыны тегін тасымалдайтын 19 автобус берілді;
— Арыс қаласында жаңа мектеп жәңе дендросаябағы ашылды;
— Облыстық автожолдарға қызмет ететін 25 техника берілді;
— Ордабасы ауданында 3 балабақша ашылды. 130 мүгедекке қоларба табыс етілді;
— Шымкент қаласында 280 бала «Қос ана» балабақшасы пайдалануға берілді;
— Созақ ауданында 80 және 60 орындық балабақшалар ашылды, 50 отбасы жаңадан баспаналы болды. «Алғыс айту» күніне орай 100 отбасыға тегін киімдер таратылды;
— Шымкент қаласы «Асар» шағын ауданында 42 отбасына және қаланың 96 тұрғынына пәтер кілті салтанатты түрде табысталды;
— Сайрам ауданында 1 мың отбасы көгілдір отынға қол жеткізді;
— ОҚО-да пайдаланылмай жатқан 57 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды;
— Шымкент қаласында түн ортасына дейін жұмыс жасайтын ХҚКО ашылды;
— Облысымыздағы 94 білім беру нысандарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді;
-Түркістан қаласында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында салынған 5 қабатты 8 үй ел игілігіне тапсырылды. Баспана кезегінде тұрған әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылар мен мүгедектер және жалғыз басты аналар сынды 480 отбасы баспаналы болды. Жаңа емxана мен балабақшаны салтанатты түрде ашылды және 264 отбасыға пәтер кілті табысталды;
— Облыстық жергілікті полиция қызметкерлеріне 143 қызметтік автокөліктің кілті тапсырылды;
— Облыс спортшылары биылғы жылдың сегіз айында 1153 медаль жеңіп алды. Оның ішінде, 391 медаль алтын, 384-і күміс, ал 378 қола медаль. Олардың арасында 51-і Азия чемпионы болса 9-ы әлем чемпионы;
— Биыл 200 гектар жерге жылыжай салынып, олардың жалпы алаңы 1 323 га жетіп отыр;
— «Жасыл ел» бағдарламасымен 1275 жастар жұмыспен қамтылды;
— Түлкібас ауданында 2 амбулатория, 300 орындық мәдениет үйі, 600 орындық жаңа мектеп, 280 орындық балабақша, 96 пәтерлі 2 тұрғын үй, 1 спорт кешенінің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Отбасылық демалыс орталығы ашылды. Жаңа технологиямен қамтамасыз етілген «АQUA SEREBRO» табиғи бұлақ суы зауыты іске қосылды. Биыл, 356 га жерге алма бау егілді;
— Жедел жәрдем қызметіне 30 көлік және медицина мекемелерге 29 автокөліктің кілті тапсырылды;
— Обылыста медициналық бұйымдар шығаратын және болат құю зауыттары іске қосылды;
— Шатқал бағдарламасы аясында облыста 400 мың түптен астам жасыл желек егілді. Бір ғана Шымкентте ашылған 5 саябаққа 50 мыңнан астам көшет отырғызылды;
— Облыста туристік нысандар саны 195 бірікті құрап, тиісінше 31%-ға өсіп отыр; Мұнда көрсетілген қызмет көлемі 1,7 млрд теңгені құрап, 43%-ға өсті. Облысымызға 128 мың турист келіп, кезеңімен салыстырғада 55,3%-ға көбейген;
— ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін тамашалауға Оңтүстіктен 151 мың адам барды. Астанада Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтті;
— Кентауда жаңадан «ЭлектроДеталь» кәсіпорны іске қосылды;
— Шымкенте жылына 5000 дана жиһаз шығаратын кәсіпорын іске қосылды;
— Шардарада жылына 600 тонна балық өндіретін жаңа зауыт ашылды және спорт кешені пайдалануға берілді;
— ОҚО-да Өзбекстандық инвесторлар тұрмыстық газ плитасын құрастыратын цехты іске қосты;
«Арыс жағасында» VII ретро-фестивалімен «Менің Қазақстаным» Халықаралық ән байқауы өтті;
— Айтыскер ақындар орталығы ашылды. Оңтүстікте жас ақындар және Республикалық ақындар айтыстары өтті;
— Түркістан- Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды;
— ІІ республикалық журналистер форумы өтті;
— 120-дан астам шетелдік ғалымдар қатысқан ІІІ халықаралық конференция ұйымдастырылды;
— Шымкентте Мажар елінің өкілдігі ашылды;
— «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы өтті;
— Шымкентте ТМД-да теңдесі жоқ мемлекеттік қызмет көрсету орталығы ашылды;
— Биыл, облыс шаруаларымен 470 мың тн. (2015ж. 246 мың тн.) астық жиналып, түсімділігі орташа есеппен 22 ц/га. құрады;
— Қазығұрттағы 16 елді мекен табиғи газға қосылды;
— Отырарда жастар саябағы ашылды;
— Сарыағашта 320 орындық балабақша пайдалануға берілді. 400-ге жуық отбасы таза ауыз сумен қамтылды.
Атқарылатын жұмыстары…
— «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойынан 21 туристтік нысан салынады;
— Төлебиде 480 пәтерлі 8 көпқабатты тұрғын үй бой көтермек;
— Түлкібас ауданындағы индустриалды аймақта жалпы құны 3 млрд. 709 млн. теңге болатын 6 жоба жүзеге асырылады. Құрылысы осы айда басталатын зауыттар іске қосылған кезде жаңадан 284 жұмыс орындары ашылатын болады;
— 2017 жылы газдандыру жұмыстары 3 есеге артып, 72 елді мекенде газдандыру құрылысы жүргізілуде. Жыл соңында 50 елдімекен, яғни 80 мың халық табиғи газбен қамтылады;
— Оңтүстікте жыл соңына дейін, көлемі 700 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі. Жалпы, биыл облыста 169 тұрғын үй құрылысы жүргізіледі. Жыл соңына дейін 113 көпқабатты үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Осылайша, 2017 жылы 700 мың шаршы метр баспананы ел игілігіне тапсыру көзделуде. Жыл соңына дейін тағы 9 білім беру нысаны ел игілігіне беріледі;
— Өңірімізде мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында жалпы құны 9,3 млрд теңгені құрайтын 13 жоба жүзеге асырылуда;
— Төлеби ауданы, Ленгер қаласында алдағы қыркүйек айында 480 пәтерлік 8 тұрғын үй пайдалануға берілмек;
— Оңтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін 569 нысан немесе 1452,2 шақырылым жолдар мен көшелер, 3 жаяу жүргіншілер өткелдері және 19 көпір құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады;
— Шымкент қаласындағы 350 орындық балабақша мен «Қайтпас-1» мөлтек ауданындағы 500 орындық қалалық емхананың құрылысы жүріп жатыр;
— ОҚО-да пиязды кептіру цехы іске қосылмақ;
— Кооперативтер үшін қайтарымсыз ақша берілмек;
— Облыста әкім мал шаруашылығын дамыту бағытында 3 013 бірлік шағын мал бордақылау алаңдары мен 722 бірлік жанұялық сүт фермалары, 14 бірлік шағын құс фермалары, 4 бірлік балық шаруашылықтары ашылады;
— Оңтүстік Қазақстан облысында 16 жаңа су қоймасының құрылысы жүргізілетін болады. Сондай-ақ, тасқын суға қарсы 70 нысанда инженерлік жұмыстар іске асырылады. Аталған жоба жүзеге асқанда 320 млн. текше метр топан су қабылдап, 17 мың гектар суармалы жерді суғаруға мүмкіндік туады;
— Облыста жылына 50 тонна жібек өндірілетін болады;
— Қазығұрт ауданында «Асыл бастау» ЖШС инвестиция соммасы 603 млн. тг. құрайтын құрғақ сүт және сары май шығару зауыты салынуда;
— Облыста 2 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтитын тоқыма фабрикасы ашылмақ;
— Шымкентте 2 электр станциясы дәрі-дәрмек шығаратын зауыт салынады;
— Кентауда концентрат байытатын цех іске қосылмақ;
— Отырар ауданында қамыс плитасын шығаратын зауыт ашылады;
— Облыста 226 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде;
— Төлебиде 20 МВт электр энергиясын өндіретін ірілі-ұсақты 10 су электр станциясы салынады;
— Шымкентте трансформатор зауыты іске қосылады;
— Түлкібас ауданында инвесторлар әк шығаратын зауыт салмақ;
— ОҚО-да жыл соңында асфальт пен битум өндіретін зауыт іске қосылады;
— Шымкент қаласындағы ескі қалашықта ашық аспан астындағы мұражай болады;
— Облыста 123 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтеді;
— Бейнеу-Бозай газ құбырынан Кентау қаласын табиғи газ жеткізу мақсатында №14 автоматты газ реттеуші стансасының құрылысы жүргізіледі.
Облыс әкімінің идеялары мен тапсырмалары…
— Оңтүстік көкөніс пен жеміс-жидек отанына айналуы тиіс;
— ОҚО-да 2020 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,1 трлн. теңгеге жетпек
— Облыстағы тұрғын үй бағасын арзандату қажет;
— Шымкентте көпқабатты үйлерді көптеп салып, баспана кезегін азайту керек;
— Аудан-қала әкімдерінің жұмысы сыртқы инвестиция тартумен бағаланатын болады;
— Бәйдібек ауданының потенциалын барлық салада пайдалануымыз қажет;
— Ордабасыда үш бидің ескерткішін орнату қажет.
«Айғақ-ақпарат»