Түркияда көлік апатына ұшыраған қазақстандықтардың төртеуі бүгін елімізге жеткізілді.
Отандастарымыз мінген ұшақ таңғы 5:30-да Алматы әуежайына келіп қонды. Оларды сол мезетте жедел жәрдем көліктері облыстық клиникалық ауруханаға алып кетті. Себебі барлығы да түрлі деңгейдегі ауыр жарақаттар алған, енді ұзақ уақыт емделуі қажет.
Айта кетейік, жуырда жеті бірдей қазақстандық Анталия қаласына тынығуға барып, сонда жол апатына ұшыраған еді, салдарынан Түркияның 4 азаматы қаза тапты. Ал біздің 7 отандасымыздың үшеуі елге өз күштерімен жетсе, қалған төртеуінің тасымалына Сыртқы істер министрлігі мен Түркиядағы елшілік қызметкерлері үлес қосты.
Дереккөз. 24.kz