Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Лас-Вегас қаласында болған атыс салдарынан көптеген адамның қазаға ұшырағаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Біз осынау сын сағаттарда АҚШ халқымен бірге екенімізді жеткізгім келеді. Жеке өзімнің және барша Қазақстан халқының атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ достас Америка Құрама Штаттарының халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.