Кеше Өзбекстан Республикасына жолға шыққан делегация Ташкенттегі Төлеби кесенесіне барып тағзым жасады. Баба рухына арнап ҚМДБ-ның ОҚО
Еске сала кетсек, 29 қыркүйек күні таңертең сағат 5.00-де ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен 50 адамнан тұратын «Достық керуені» Өзбекстанға жолға шыққан болатын. Екі ел арасындағы мәдени ықпалдастықты нығайтуды мақсат тұтқан керуен мүшелері алдағы уақытта Самарқандтағы Әмір Темір және Жалаңтөс баһадүрдің, Бұхарадағы Бахауддин Накшбандидің кесенесімен танысса, Бұхарадағы тарихи-мәдени мекендерді аралайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласына негізделген шара екі ел қарым-қатынасының байланысын нығайта түспек. Айта кететін жайт, делегация құрамында этномәдени бірлестіктер басшылары, Қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары, Оңтүстік Қазақстан мәслихатының депутаты, ОҚО Қоғамдық Кеңесінің мүшесі Дулат Әбіш және меценат Ғани Шәймерденов те бар. «Айғақ» телеарнасы аталмыш жобаға ақпараттық қолдау көрсетуде. Сондай-ақ, тарихымызға қатысты Өзбекстанның көрікті, тарихи орындардан түсірілім жасайтын болады.