Осы жылы 50-ден астам ауыл газға тартылады. Ол елді мекендердің басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Бұл туралы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ бас директоры Манас Тасыбаев айтты. «Биыл «ҚазТрансГазАймақ» компаниясы өз қаржысы есебінен Маңғыстау және Қостанай облыстарындағы 30 елді мекенді газға қосқалы отыр. Сонымен қатар 50-ден астам ауылға да газ тартылады. Ауылдардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Аталған елді-мекендерді газбен қамтамасыз етуге қаржы жергілікті жене республикалық бюджет есебінен бөлінді», — деді ол. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін компанияның бас директоры қазақстандықтардың газға қанша теңге қарыз екенін айтты. Сонымен қатар Манас Тасыбаев жыл соңына дейін Байқоңыр қаласына газ жіберілетінін атап өтті.
Дереккөз: Baq.kz