Ұлт Көшбасшысы Тәуелсіздік алған жылдардан бері жыл сайын дәстүрлі түрде халыққа өз Жолдауларын арнауда. Президенттің әрбір Жолдауында қоғам мен мемлекеттің қай бағытта даму керектігіне жол сілтеп келеді. Биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: болашаққа бағдар» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қоғамда үлкен резонанс туғызды.
Олай деуіміздің себебі, қазақстандықтардың мемлекетке, қоғамға, еліне, туған жеріне, өз ортасына, отбасына, дәстүріне, мәдениетіне және тағы басқа құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттыруға үлкен сеп болуда. Елбасының идеясын қолдай отырып, халық арасында құндылықтарымызды әрі қарай насихаттау үшін елдімекен, көше, шағын аудан, мектеп атауларын Елбасының идеясына және талабына сәйкес атау бойынша төмендегі ұсыныстарды комиссия назарына ұсынамыз: Мәселен «Рухани жаңғыру» көшесі.
Сондай-ақ, «100 нақты қадам», «Егемендік», «Мәдени мұра», «Ұлы дала мемлекеті», «Әділеттілік», «Ынтымақшылдық», «Келісім», «Ұлт Көшбасшысы», «Қазақстандықтар», «Бірінші Жаңғыру», «Екінші Жаңғыру», «Үшінші Жаңғыру», «Елорда», «Отаншылдық», «Халық бірлігі», «Тұңғыш Президент», «Қазақстан-2050», «Тұрақтылық» және «Жасампаздық» сынды атаулар көшеге және өзге де нысандарға мағынасына қарай берілсе игі іс болар еді.