Түлкібас ауданында екі шағын ауданды жаңа атаумен атау туралы ұсыныс кеше Оңтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының мәжілісінде қолдау тапты.
Майлыкент ауылдық округі, Т.Рысқұлов елдімекенінде жаңадан бой көтерген шағын ауданға Жанкент атау берілмек.
Жанкент деген сөздің мағынасына үңілсек «жаңа қала» деген мағынаны білдіреді. «Жанкент» атауы ДСУ-93 мөлтекауданының құрылысы аяқталып, көшелер аббатанып, бір жүйеге келгеннен кейін, келесі тұрғын үй құрылыстарын салу қажеттілігі туа бастаған жылдары халық арасында осылай атала бастаған. «Жанкент» жанға жайлы елді мекен деген мағынаны білдіреді. Шын мәнінде құрылған шағын ауданда газ, су құбырлары тартылған. Жері құнарлы, қаратопырақты, түрлі өсімдік өсіруге қолайлы, жанға жайлы мекен. Аталған атау тұрғылықтыхалықтың қалауымен санаға сіңісіп кетті.
Екінші атауын өзгеруге ұсыныс берілген шағын аудан бұған дейін «Қанғала» деп аталып келгендіктен жергілікті тұрғындар бұдан былай «Нұр-шуақ» деп аталуын қалап отыр. Осы ретте, мәжілісте сөз алған Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ж.Бектаева ауыл тұрғынарының өтінішін жеткізді.
- «Нұр-шуақ» — бұл халықтық тілімізде «шуақты күн, нұрын шашқан күн» деген түсінік бар. Шуақ тіршілік көзі. Бұл табиғи атау, осы атаққа ие жерге де күн шуағы төгіліп тұр. «Нұр – шуақ» атауы мерейіңді өсіреді, көңіліңе шуақ орнатады, — деді әкім орынбасары өз сөзінде.
Түлкібас ауданыны, Майлыкент ауылдық округіне қарасты екі шағын ауданға жоғарыдағы атауларды беру жөніндегі ұсыныс комиссия мүшелері тарапынан қолдау тапты.