ort

Қызылордада «Қорқыт және ұлы дала сазы» фестивалі өтеді

Қызылордада «Қорқыт және ұлы дала сазы» фестивалі өтеді, деп хабарлады облыс әкімінің ресми сайты. Хабарда айтылғандай, Қызылордада Қорқыт мұраларын насихаттау, талантты балалар мен жастарға қобыз үйретіп, оларды ұлы бабадан мұра болған аспаптың сүйемелдеуімен терме-толғаулар айтуға баулу мақсатында «Қорқыт. Қобыз» музыкалық жобасы дайындалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Жанат Құрамысова хабарлады.

Алда осы жоба бойынша мәдениет үйлері мен клубтарда «Қорқыт. Қобыз» ұлттық бірлестіктері мен үйірмелері құрылатын болады.

Сонымен қатар, 27-29 қыркүйек күндері Қызылордада «Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты фольклорлық музыкалық өнер фестивалі өтеді. Бұл шараны жергілікті әкімдік пен халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымы бірлесе ұйымдастырып отыр.

Облыс жұртшылығы қазан айында халық батыры Текей Қарпықұлының 350 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы мен батырлық дастан орындаушылар конкурсын тамашалай алады.

ҚазТАГ.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!