Қазақстанның шахматтан әйелдер құрамасы жабық ғимараттағы Азиада ойындарында бірінші орын алды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
23 жасқа дейінгі қатысушылар арасында өткен жылдам шахмат бойынша командалық жарыстың финалында қытайлықтар жеңілді.
Біздің команданың құрамында Динара Сәдуақасова мен Жансая Әбдүмәлік бар.
Д. Сәдуақасова Го Ци-мен тең түсті, ал Ж. Әбдүмәлік Ван Цзю-ден басым түсіп, қазақстандық шахматшылардың пайдасына шешілді.
Атап өтсек, Ашхабад Ортаазия өңірінде бірінші болып, жабық ғимаратта Азия ойындарын өткізу құқығына ие болды. Ол 27 қыркүйекке дейін созылады.
Ойындарға 62 елден ұлттық Олимпиада комитеттері қатысып жатыр.
ҚазТАГ