Билік ақпарынша, әкімдікке құрамында Кореяның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, сондай-ақ, «Корея телеком» қауымдастығының, Ұлттық Пусан университеті госпиталының, Пусан технопаркінің өкілдері бар корейлік консорциум делегациясы келді.
«Кореяның денсаулық сақтау министрлігінің жаһандық денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі бөлім директоры Хьюн Ги Пак атап өткендей, әріптестік нәтижесінде жүзеге асатын маңызды жоба ол — цифрлық медицина орталығының ашылуы», — деп хабарлады әкімдікте.
Белгілі болғандай, 2017 жылдың басында Қазақстан-корей инновациялық-өнеркәсіптік консорциумы өңірдегі цифрлық денсаулық сақтау жүйесіне ақпараттық-коммуникациялық технология трансферті бойынша жобаны жүзеге асыруға кірісті. Бұл мақсатқа Корея Республикасының үкіметі 5 жылға жүзеге асыру мерзімімен $40 млн астам қаржы көлемінде грант бөлді.
Өңір әкімі Бердібек Сапарбаев атап өткендей, жоба аясында корейлік тарап Ақтөбенің 7 емханасына қашықтан скрининг өткізетін және медицина саласына цифрлық технология енгізу үшін шығыс материалдарымен бірге медициналық құрал-жабдықтардың 4 жинағын алып берді. Корейлік әріптестер тоқсан сайын жаңа медициналық құрал-жабдықтарды пайдалану бойынша оқыту, шебер-кластар өткізеді.
Корея делегаттарымен кездесу барысында инновациялық жобаны жүзеге асырумен, цифрлық денсаулық сақтауды, «Цифрлық Қазақстан» мембағдарламасын жүзеге асырудағы әріптестіктің жаңа бағыттарын дамытуды талқылады.
Бұл жобалардың барлығы Корея үкіметінің, корейлік ұлттық университеттердің, госпитальдардың, өнеркәсіптік компаниялардың қолдауымен жүзеге асады.
Тараптар ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға қол қойды.
Дереккөз: kaztag.kz
Фото: vistanews.ru