Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Заңының 33-бабы 1-тармағы 3-1 тармақшасында қала және аудан әкімдері аудандық және қалалық мәслихатқа «Ауданның немесе қаланың құрметті азаматы» атағына ұсыныс беруге құқылы. Ережеге сәйкес, қала және аудан әкімі 10 адамға дейін ұсыныс бере алады.
Осы Заңның талаптарына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов белгілі қала тұрғындарына «Құрметті азаматын» атағын беру туралы ұсынысы бүгін Шымкент қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының күн тәртібінде қаралды. Қала әкімінің барлық ұсыныстары тұрақты комиссия отырысында жан жақты қаралып, төмендегі азаматтарға «Құрметті азамат» атағын беру сессияға ұсынылды.
Әлімбеков Сембіғали — еңбек ардагері, ұзақ жылдар Шымкент қаласында өнеркәсіп саласында еңбек етіп, басшылық қызметтерді атқарған. Ел Тәуелсізідігінің алғашқы жылдарында Шымкент қаласына инвестиция тарта отырып, «Италия-Қазақстан» бірлескен кәсіпорнының басшы болды. Кәсіпорын жұмысымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев танысып, оң бағасын берген.Бүрлібаев Тасқынбай — облыстың және республиканың қаржы саласында ұзақ жылдар басшылық қызметтерді атқарған.Жылқышиев Болат — қоғам және мемлекет қайраткері, Кентау және Шымкент қалаларында басшылық қызметтер атқарды. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.Жолдасов Нұрмахан — Бәйдібек және Сарыағаш аудандарының әкімі, Қазақстан Республикасы министрілігінің Шымкент қаласындағы аумақтық департаментінің басшысы қызметін атқарған. Облыстық мәслихатының депутаты, Оңтүстік Қазақстан облыстық ат спорты федерациясының президенті.Ибрагимов Сатыбалды — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2 рет депутаттығына сайланған. Қоғам қайраткеріҚуашбаев Саттар — Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты, Шымкент қаласы білім саласының дамуына өзіндік үлес қосып келеді.Пайзахметов Әбдіқаһар — Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, Шымкент қаласының экономика саласының дамуына үлес қосып келеді.
Рысбаев Исамуддин — Шымкент қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы. Шардара ауданы мен Шымкент қаласында мемлекеттік органдарда басшылық қызметтерді атқарған.
Терещенко Сергей — Ел Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында Қазақстанның Үкіметін және Оңтүстік Қазақстан облысын басқарды. Қазақстанның Еңбек ері, Шымкент қаласының экономикасы мен кәсіпкерлік саласының дамуына үлес қосып келеді.Тұрысбеков Зауытбеков — Түлкібас ауданы және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. ҚР Көші-қон және демография және Мемлекеттік қызмет істері агенттіктерінің төрағасы болған. ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары — ҚР Президенті Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі. ҚР Ішкі Істер министрі. ҚР-ның Өзбекстандағы, Ресей Федерациясындағы, Украина және Молдовадағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметтерін атқарған. «Нұр Отан» республикалық партиясы төрағасының орынбасары. Бүгінгі таңда Дүние жүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары.
PS: Тізім алфавиттік ретпен жасалды