Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттар айналымы саласындағы сыбайлас жемқорлықтың негізгі тәуекелдерін атады.
Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Қоғамдық кеңесінінің кеңейтілген отырысында баяндады, деп хаарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Хабарда айтылғандай, Алексей Цой, жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар елді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін сатып алу, бағаларды қалыптастыру, сатып алынатын дәрі-дәрмектер мен олардың көлемі тізбесін айқындайтын үш бөлімнен тұратын жүйелік тәсілге негізделетін болатынын атап өтті.
«Атап айтқанда, бағаларды қалыптастыру кезінде мынадай қатерлер болуы мүмкін: тіркеу кезінде бағаларды асыра көрсетуге, тіркеуге келген қаралмаған өтініштер санынының көптігі және оларды тіркеу кезіндегі қолданыстағы ережелердің бұзылуы. Сатып алынатын дәрі-дәрмек және олардың көлемдерін анықтау кезінде мыналар болуы мүмкін: тізбені айқындау жүйесінің ашықсыздығы, бірдей әрекет ететін препараттардың қосарлануы, сатып алу үшін техникалық сипаттамалардың негізсіз тарылуы, терапиядағы үшінші желідегі препараттарды немесе тиімділігі дәлелденбеген препараттарды тізімге енгізу. Сонымен қатар, сатып алу кезінде мынадай алғышарттарды болуы ықтимал, яғни қағаз құжат айналымының санының көптігі және сараптамалық қорытындылары негізінде өтініштерді қабылдамау», – деп толықтырды ол.
Вице-министр тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде берілетін дәрі-дәрмек бағасын қалыптастырудың жаңа моделін ұсынды, ол халық үшін дәрі-дәрмектердің экономикалық қолжетімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді, сатып алынатын препараттардың көлемін ұлғайту мен мемлекет есебінен берілетін дәрілермен пациенттері қамту және дәрілерді тіркеу кезіндегі сыбайлас жемқорлық факторларын жою» — деді.
Алексей Цой, сондай-ақ өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларымен жергілікті бюджет шеңберінде сатып алынатын медициналық техникалардың сатып алу кезіндегі анықталған бұзушылықтарға егжей-тегжейлі тоқталды. Мәселен, медициналық техника бағасы сараптаусыз жоспарланады, техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесіз — жалпы құнын 557 млн. теңгеге асыра көтеру; жеткізу кезеңінде сатып алу шарттарында моделі, маркасы және медициналық техника өндірушілері, шыққан елі туралы ақпарат көрсетілмейді, ол өнім берушіге толық жиынтықталмаған медициналық техниканы және техникалық сипаттамалары нашар – өндірушісі көрсетілмеген 342 бірлік медициналық техника 5,4 млрд. теңгеге сатып алынған, 173 бірлік медициналық техника 2,2 млрд. теңгеге сатып алынған; Медициналық техниканы міндетті кепілдік сервистік қызмет көрсету мерзімі кемінде 3 жыл (немесе 37 ай) медициналық техниканы сатып алу ережесінің талаптары сақталмаған – 79 бірлік 12 ай кепілдік сервистік қызмет көрсетумен 633 млн. теңгеге сатып алынған, кепілдік сервистік қызмет көрсетуі көрсетілмеген 247 бірлік 7,1 млрд. теңгеге; Медициналық техника отандық өндірушілерінен жоғары бағамен – сомасы 66,8 млн. теңгені құрайтын 2 бірлік медициналық техника сатып алынған.
Сондай-ақ, отырыс барысында денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың негізгі механизмдері, жоспарлау және болжау; бюджеттік қаражатты бөлудегі ашықсыздық және жетілмеген тарифтік саясат қаралды.