2017 жылдың соңына дейін 282 объекті сатылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«2017 жылы барлығы 487 объекті сатылуға шығарылды. Ағымдағы жылдың 8 айында 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес 18 млрд теңгеге 94 объект сатылды. Ал 111 объекті қайта құру және тарату сатысында тұр. Жылдың аяғына дейін 282 объектіні сату жоспарланып отыр. Оның ішінде 118 объекті саудаға шығарылып та қойды. 164 объекті бойынша сатуға дейінгі дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 95 объекті бағалауда тұр», — деді министр
Дереккөз: Baq.kz