20170918194111

Шымкентте әйелдер арасында қол добынан ел чемпионаты өтуде

Шымкентте қол қол добынан ел чемпионаты өтуде. Әйелдер арасындағы тартысты бәсекеге суперлига және жоғары лига командалары қатысып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. Шымкенттегі жоғары спорт шеберлерлігі мектебінің спорт кешенінде өтіп жатқан чемпионат аса тартысты басталды. Жоғары лига командалары арасында оңтүстіктің «Қазығұрт» командасы төрт кездесу өткізіп, төртеуінде де жеңіске жетті. Күнгейлік спортшылар Қызылорда облысының қыздарымен кездесу өткізген болатын. Одан кейін жеңімпаз команда Қарағанды облысының аруларымен шеберлік байқасқан. Нәтижесінде жергілікті команда 30-27 есебімен тағы да басым түсіп, жеке дара топ бастады.

Суперлига командалары арасында 6 команда бақ сынауда. Бұл топта қызылордалықтардың қарқыны зор. Олар бұған дейінгі кездесулерін сәтті өткізіп, турнир кестесінде 1-орында тұр. Шешуші кездесу осы екі команданың арасында өрбитін болады.

Айта кетейік, кезінде олимпиада ойындарына қатысып, ел намысын қорғаған «Қазығұрт» командасы өткен жылғы чемпионатта алтын медальді жеңіп алған болатын. Құраманың бас бапкері Берік Бекназаровтың сөзінше ендігі мақсат — сол жоғары атақты сақтап қалу болып отыр.

Дереккөз: inform.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!