Елбасы Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтап жеделхат жолдады.
«Миллиондаған қазақстандық бір кісідей сенің жеңісіңді тілеп, өзің де осы жекпе-жекте асқан шеберлігің мен ерік-жігеріңді көрсеттің. Сенің кәсіби шеберлігің, асқан төзімділігің, беделің – өз ісіңе берілгендігің. Бұл –болашақтың жарқын жетістігінің кепілі», – деді Елбасы онда. Президент сондай-ақ боксшыға мықты денсаулық және мансабының жоғары деңгейде болуына тілектестік білдірген.
Дереккөз: 24.kz