37_yubileyny_kaleydoskop_taraza

Назарбаев Жамбыл облысында жұмыс сапарымен жүр

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.

Н.Назарбаев әйгілі «Көне Тараз» ескі саябағын аралады, Достық үйінде өңірдегі ұлт өкілдерімен кездесіп, қоғамдағы отбасы рөлін талқылады. Президент жас жұбайлардың ажырасу статистикасына алаңдаушылығын білдірді.

«Алдымен асықпай қарап, байқау керек», — деді ол.

«Бір ер адам өмір бойы мінсіз әйелді іздепті. Сөйтіп ол оны табады. Бірақ оған үйленбейді. Себебі ол да мінсіз еркекті іздеп жүрген екен», — деп әзілдеді тақырыпқа сай Н.Назарбаев.

Сондай-ақ, Достық үйінде президентке қазба жұмыстарында табылған жаңа олжалар көрсетілді. Соның ішінде 990 ж. шығарылған алтын тиын да бар. Бұл олжа, археологтардың айтуынша, Тараздың әлемдік сауда орталығы болғанын білдіреді.

Достық үйінен кейін президент гипс зауыты мен спорт кешеніне барады.

ҚазТАГ




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!