Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов Еуропа бас ассамблеясы және конференциясына қатысты.
Бұл ұйым Шығыс Азияның 10 мемлекетін біріктіріп отыр. Олардың ішінде Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония және Индонезия секілді дамыған елдер бар. Әлихан Байменовтың айтуынша, Оңтүстік Корея тәжірибесі «А» корпусын құру кезінде пайдаланылды. Сөйтіп бұл шара мемлекеттік органдарда менеджментті тұрақтандыруға көмектесті.
Әлихан Байменов, мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы:
– Электрондық үкімет дамытуда Кореяның жетістіктері өте жоғары. Сонымен қатар адам ресурстарын жетілдіруде, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін жетілдіруде де Кореяның тәжірибесі зерттеуге тұрарлық. Біз осы бағыттарда және бірлескен ғылыми зерттеулер бағытында бірлескен басылымдар шығару бағытында ықпалдастыққа қол жеткіздік.
Дереккөз: 24.kz