Рашид Күзембаев «Kazakh Tourizm» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
«Рашид Күзембаев «Kazakh Tourizm» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып сайланды», — делінген жұма күні таратылған хабарламада.
Бұрын Р. Кузембаев ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасы одағының вице-президенті, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің хатшылығын басқарған басқарма төрағасының кеңесшісі болды.
2016 жылдың шілдесінен бастап жаңа тағайындалуына дейін Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасы жанындағы медициналық орталықтың басшысының орынбасары қызметін атқарады.
Еске салайық, үстіміздегі жылдың жазында Қазақстанда «Kazakh Tourizm» ұлттық компаниясы құрылды. Ұлттық компанияның негізгі функциялары: Қазақстанды халықаралық туристік бағыт ретінде (туристерге арналған аумақ) жылжыту; Қазақстанның туристік брендін кәсіби басқару; маркетингтік стратегияны қалыптастыру және енгізу; кіретін және ішкі туристерді тарту; туризм индустриясына шетелдік және отандық инвестициялардың түсуін ынталандыру; миноритарлық инвестициялық жобаларда қатысу; туризм индустриясы үшін білікті мамандарды дайындау орталықтары мен басқа да мәселелер.