20170826195349

Бокстан Қазақстан чемпионаты Оңтүстік Қазақстанда өтетін болды

Биыл бокстан Қазақстан біріншілігі Оңтүстік Қазақстанда өтетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы бүгін Қазақстан бокс федерациясының Атқару комитетінің бюросы біріншілікті өткізуге өтінш берген өңірлерді қарап шығып, Оңтүстік Қазақстан облысын чемпионатты өткізуге лайықты деп бірауыздан мақұлдады. Ел біріншілігі 6-12 қараша аралығында 1500 көрерменге арналған спорт алаңында өтеді. «Бізге чемпионатты сеніп тапсырғанына қуаныштымыз. Ел біріншілігін жоғары деңгейде өткізуге бар күш-жігерімізді саламыз. Біз барлық спортшыларды және жанкүйерлерді қонақжай Оңтүстік Қазақстан жерінде күтудеміз, — деп атап өтті Оңтүстік Қазақстан облысының бокс федерациясының атқарушы директоры Рахманбек Арғынбаев отырыс барысында. Айта кетейік, осы ел біріншілігінен кейін, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы қайта жасақталады. Бұл біріншілікте Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов те өнер көрсетіп, Ұлттық құрамадағы өз орнын сақтап қалуға тырысады.

Дереккөз: ҚазАқпарат. 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!