piter-rossiya-1

ҚАҺАРМАН ҚАЛАДА ҚАЗА ТАПҚАН ҚАНДАСТАРЫМЫЗҒА ТАҒЗЫМ

Ленинград қаласын не­мiс басқыншыларынан азат ету мақсатында 59 224 қазақстандық шайқасқан. Оның iшiнде 35 мыңға жуық жерлестерiмiз ерлiкпен қаза тапты.

piter-rossiya

«Айғақ» Медиа» ЖШС-нiң басшысы, облыстық мәс­ли­хаттың депутаты Дулат Әбiш жетекшiлiк ететiн топ батыр қандастарымызды еске алу мақ­сатында жерленген жерi­не барып, рухтарына тағзым жасады. Жамбыл Жа­баев­тың ескерткiштерiне гүл шоқтары қойылды.

Сапар Пискарев ме­мориалдық кешенiнде жал­ғасты. Мұнда жерлесiмiз Бай­мырза Сапарбаев пен өзге де батырларымызға құрмет көр­сетiлiп, гүл шоқтары қойыл­ды. Жұма күнi Қазақстаннан барған делегаттарды Лениград облысының вице-гу­бернаторы Герман Мозго­вой арнайы қабылдады. Есiмдерi та­рихта қалған ержү­рек­те­рi­мiздi ұмыт қалдырмаған шы­ғармашылық топқа сәттiлiк тiледi.

piter-rossiya-2

1902 жылы Сайрам ауда­нын­да тұратын қазақтың қара шаңырағының бiрiнде Баймырза есiмдi ұл дүниеге келедi. Ол азамат болып ер­жетiп, отбасын құрып, 4 бала­ның әкесi атанып, тату-тәттi елде өмiр сүрiп жатқанда, ел ба­сына күн туып, аласұрған за­­манның аласапыран оқи­ға­­сына тап болады. Яғни, 1941 жылы дүниежүзiлiк со­ғыс бас­талып, Баймырза Са­пар­­баев қырық жасында қырғын­ға аттанып кете бар­ды. Сол сәтте артында ұл-қыз­дары мен аяулы жары бо­тадай боз­дап, үкiлi үмiтпен қол бұлғап, көздерi жасқа толып қал­ған болатын. Бi­рақ, еш­кiмдi аямайтын сұм со­ғыс үмiттiң жiбiн үзiп, та­лай ба­ланы әкенiң қамқорлығынсыз қал­дырып, жазыл­май­тын жа­раны жүрекке са­лып кетті.

1942 жылы Ленинградты азат ету жолында ерлiкпен қа­за тауып, “Пискарев” ме­мо­риал­ды зиратына жерленген Баймырза Сапарбаевтың ру­хы­на тағзым етуге ұлы Ма­хам­бет Сапарбаев шығарма­шы­лық топпен бiрге сапарға аттанған еді.

“Пискарев” мемориалдық кешенi — соғыс жылдары 420 тұр­ғын және 70 мың жауын­гер жерленген ең үлкен зи­рат. Мәңгілік алау оты жағылған қа­ралы қабiрдегi қан­дас­та­рымызды Оңтүстiк Қа­зақ­стан облысынан ұр­пақ­­тары iздеп барды. Жа­уын­гер аталарының ерлi­гiне бас иiп, гүл шоқтарын қоюды мақ­сат тұтқан­дар­дың жа­нар­лары мөлтiл­деп, жүрек­терi дiрiл қақты.

Сапар бары­сын­да облыстың Құрметтi азама­ты, спорт ардагерi Махамбет Сапарбаев пен жазушы Серiк Жанәбiл «Союзники Побе­ды» медалiмен марапаттал­ды.

Ленинград облысының бiр қиырында жатқан Невская Дубровка елдi мекенiнде сапар жалғасты. Бiр кездерi соғыс­тың қызу нүктесiне айнал­ған ауылдар бүгiнде Пре­зи­­дент­­тiң тапсырмасымен  толық жаңартылып жа­­тыр екен. Яғни, ескi үй­лер бұзылып, орнына су жаңа баспаналар бой көтеруде. Бiрақ, соғыс жылда­рын­дағы естелiктер сол қалпы сақталып, құнды ақпарат­тар мұрағатта қалған.

«Невский пятачок» мұра­жайы баға жетпес рухани байлықты жинақтап отыр­ған мекеменiң бiрден-бiрi.

Ленинград қамалы және қор­ғаныс мұражайында бо­лып, ол жерде сақталған соғыстағы әскери заттарды көзбен көрдi. 900 күн адам айтса сенгiсiз сәттердi бастан кешiп, азап шеккен Ленин­град қаласындағы тұрғын­дар­дың 1941-1945 жылдар­да­ғы хал-жағдайын ұқты.

2015 жыл.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!