Бүгін, Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы басымдықтарды жүзеге асыру мақсатында «Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының VІІІ конгресі» өтуде.
Конгрестің мақсаты — түркі халықтарының әдеби байланыстарын дамыту арқылы түркі тілдеріндегі қазіргі заманғы ақпарат алмасуды жетілдіру, әдебиет саласындағы үздік туындыларды, озық қаламгерлерді анықтау.
Облыс әкімдігі, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы мен Еуразия Жазушылар одағының қолдауымен өтіп жатқан конгреске 19 елден 30-ға жуық редакторлар мен жазушылар, ірі мәдениет қайраткерлері, сонымен қатар, «Айғақ» Республикалық газетінің бас редакторы Ұлжан Наушабаева және «Айғақ» телеарнасының редакторы Салтанат Тойболова қатысуда.
«Айғақ-ақпарат»