Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының VІІІ конгресінде 2017 жылдың үздігі анықталды. Бұл шара аясында «Түркі әлеміндегі жыл әдебиетшісі» сыйлығын тапсыру рәсімі өтті. Айта кетейік бұл сыйлықты былтырғы жылы классик жазушы Төлен Әбдік иеленген болатын.
Сыйлықты ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы бас хатшасының орынбасары Фырат Пурташ және Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Якуб Омероглы табыстады. Түркі жұртының елеулі марапатын 97 жасты бағындырған Өзбекстандық жазушы Шүкіролла Юсупов иеленді.
«Бақыт заңы» атты өлеңдер жинағымен танымал болған талант иесі бұған дейін бірнеше пьесаларды жарыққа шығарған болатын. Туындылары әлемнің бірнеше театрларында сахналанып, көрерменнің жүрегіне жол тапқан. 97 жастағы қарт жазушы белгілі себептермен шараға қатыса алмай, ТҮРКСОЙ тағайындалған сыйлық өкіліне табыс етілді.
«Айғақ-ақпарат»