5-445

ВОРОНЕЖ – ШЫҚПАЙДЫ ЕРЛIК ОЙДАН ЕШ

Ресей Федерациясын­дағы Во­ро­неж қаласы 212 күн фашис­тердiң қоршауында қа­лып, Кеңес  әскерлерi азаттық үшiн жа­нын берген даңқты қала. 1942-43 жыл­дар аралы­ғын­да Воронеж­дiң аспанын жетi ай бойы қара түнек басып, атыл­ған снаряд пен бораған оқтан көз ашу мүм­кiн бол­маған.

04

Жырақта жау қолынан қаза тапқан боздақтардың жүрiп өт­кен жерiмен жүру, Ұлы Жеңiстi жақындатқандарды ұлықтау мақ­сатында — «Айғақ» қоғам­дық телеарнасының бас дирек­то­ры Дулат Әбiш, Шымкент қа­ласының Құрметтi азаматы, жа­зушы Серiк Жанәбiл, өмiр­ден өткендердiң рухына құран бағыштау үшiн имам Әдiлбай Той­шиев және арнаның тү­сi­рi­лiм тобы Воро­неж қаласына жол тартты. Мәс­кеу қала­сы­нан 587 ша­қы­рым қашықтықта, Украи­на Республикасымен ше­ка­ра­лас жатқан өңiр соғыс жыл­­дарында 95-96%-ға дейiн қирап, күл-талқан болған екен. Бүгiнде сол бiр аянышты көрi­нiс­тiң бiрi де қалмаған. Яғни, ша­һар толы­ғы­мен өзгерген. Оңтүстiктен бар­ған делегация Воронеж үшiн болған шайқас және ерлiк көр­сет­кен батырлар туралы нақты деректердi бiлу мақсатында «Арсенал» мұражайына ат ба­сын бұрды. Қазақстандық де­ле­гацияны қуана қарсы алған ме­ке­ме қызметкерлерi соғыс ту­ралы өкiнiшпен баяндады.  Мұн­да, 1942 жылдық шiлде­сiн­де Воронеж территориясында ба­сталған шайқастағы әскери зат­тар, суреттер, көрiнiстер мұ­ра­жайдың қабырғаларында iлулi тұр.

dsc_0782

Воронеж қаласының маңындағы бауырластар зиратында Тасқара Қожақанов жер­лен­ге­нi белгiлi. Сол кезде ар­тын­да қалған ұлы Әбдiғани Ташқараев бейiтiнiң басына ба­рып, әкесiне Құран оқытып қай­тып­ты. Ұлдың сағынышын, елдiң алғы­сын арқалаған туған өңiрi оңтүс­тiк­тен бiздiң шығармашылық топ та Тасқара Қожақанов жатқан жер­ге табан тiредi. Ну орманның маңында орналасқан №317 ба­уыр­­ластар зиратында түрлi ұлт­тың өкiлдерi жерленiптi.

03

Воронеж шайқасында қай­та­ланбас ерлiгiмен тарихта қалған қырғыз азаматы Кеңес Одағының Батыры Чолпонбай Тулебердиев амразураны құшақтап, талай қаруластардың өмірін сақтап қалған. Тынық Донның жағасында, Воронеж қаласынан 150 шақырым қашықтықта Селяв­ное елдi мекенiнiң маңында жат­қан батырдың бейiтi қырдың ең биiк нүктесiнде орналасыпты. Қыр­ғызстандағы Талас ауданын­да дүниеге келiп, Тынық Донның жағасында өмiр жолы аяқталған Чолпанбай Тулебердиев осында жатыр.

01

Сапар барысында Кеңес Одағының Батыры Андрей Пшеничныхтың кiндiк қаны тамған ауылында болдық. Соғыста барлау­шы болған бұл азамат 1945 жыл­дан кейiнгi ғұмырын Оңтүстік Қа­зақстан облысында өткізедi. Ниж­ный Икорец деп аталатын елдi ме­кен­дегi мектепке батырдың есiмi бе­рiлiп, бiлiм ошағындағы мұра­жай­да қажеттi материалдар қойы­лып­ты. 1992 жылы қайтыс болған Кеңес Одағының Батыры Шым­кент қаласындағы «Қасiрет» ме­мориалының жанындағы зиратта жерленген.

02

Тарихтың кейбiр бетi осылайша көңіліңе кiрбің салып, жүрегiңдi сыз­датады. Десе де, бiз жұдырық­тай жұмылып, қасiреттi бiрге өт­кiз­ген қазақ елiнiң ерлерiн ұмыт­пай­мыз. Бүгiнде бiздiң азаматтық мiндетiмiз — болашақ ұрпаққа ер­лер есiмдерiн паш етiп, өткендi жаңғырту. Воро­неж қаласының қа­зақпен ұштас­қан байланыс­та­ры, мiне осындай.

oblbolynitsa




One thought on “ВОРОНЕЖ – ШЫҚПАЙДЫ ЕРЛIК ОЙДАН ЕШ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!