img_1363

ТАРИХИ ТОЙТАРЫСҚА ТАҒЗЫМ

Курск шайқасына — 70 жыл

img_0925

“Айғақ”  телеарнасының басшысы об­лыс­тық мәслихаттың де­пу­таты Дулат Әбiш бас­та­ған түсiрiлiм топ құра­мын­да облыстық этно-мәдени орталығының мү­ше­сi Ус­ма­нали Қа­ды­ров пен Кеңес Одағының Ба­ты­ры, Курск шай­қа­сы­на қа­тысқан жер­лесiмiз Зия­мат Хусановтың немересi Отабек Хусенов та Ресейге сапар шектi.

img_0753

Бізді Кур­ск қаласының бас­шысы Оль­га Германова қа­был­да­­ды.

img_0775

Қала басшысының сұх­ба­ты­­нан соң, түсiрiлiм топ қа­ла­дады Г. Жуков атын­дағы №43 орта мектебiнде болды. Курск шайқасы­ның қолбас­шы­сы, мар­шал К. Рокосовский­дiң ескерткiшiне гүл шо­ғын қойып, мектеп қа­быр­ға­сындағы Ұлы Отан со­ғы­сына арналған мұра­жай­мен танысты.

img_1414

Мұнан соң,“Курск доғасы” мемориалды кешенiне ат ба­сын тiредiк. Жалпы, ау­мағы 1 200 шақырым жер­дi алып жатқан кешендi Ресей Президентi В. Пу­тин ашқан. По­­беда проспектiсiнiң бой­ын­да орын тепкен ме­мо­риал­ды кешен ал­ды­мен Же­ңiс­тiң 55 жылдығына орай бой тiк­те­ген.Триум­фаль­дi ар­кан­ың биiктiгi 24 метрдi құ­райды. Ар­ка­ның ұшар басында Геор­гий Победоносецтiң атқа мiн­ген бейнесi кес­кiн­дел­ген. Ар­каның 4 бұры­шын­да әр дәуiр­дегi орыс жау­ынгерi бей­неленген. Ке­шенде мар­­шал Г. Жу­ков­тың ес­керт­кiшi ор­на­тыл­ған. Со­нымен бiрге, мәң­гiлiк алау, тан­кiлер орын теп­­кен.

img_1303

“1941 — 1945 жыл­дардаңы Ұлы Отан со­ғысында қаза тапқан жау­ын­гер­лер” ме­мо­риал­ды ке­шенінде 10 мыңға жуық сарбаз жер­ленген. Зират ба­сына орнатылған тақтайшадан бiз жерлестерiмiз, оңтүс­тiк­қазақстандық екi аза­мат­тың есiмiн таптық. Олар — Жанду Темiрғалиев пен Әтибжан Сағындиев.

img_0803

К. Рокосовский атын­­дағы “Орталық фр­онт­­­­тың командалық бе­кетi” кешенiнде болып, мұражай жұмыстарымен таныстық.

По­ныри се­ло­­сын­дағы “Курск доға­сы­­ның солтүстiк бө­лiгiн­дегi ба­тырларға ар­нал­ған” мемориалды ке­шен вок­зал маңындағы По­бе­да алаңында орна­лас­қан. “Бiздiң Кеңестiк Отаны­мыз үшiн” деп ата­латын монумент, мәңгiлiк алау және бауырластар зи­ра­тынан тұратын ке­шен маңында мұражай да орын тепкен. Поныри маңында қаза тапқан 2 мың әскери сарбаз жерленген зират­тың басында жау­ын­гер­лер­дiң есiмi тасқа қа­ша­лып жазылған. Со­ны­мен бiрге, Бiздiң Кеңес­тiк Ота­ны­мыз үшiн” деп атала­тын монументте 34 Кеңес Одағы Батырына ар­на­лып, мраморлы пли­та­лар қойылған. Сондай-ақ, осы маңда шайқасқа қа­тыс­­қан әскери диви­зия­лардың атаулары плитаға қашалып жазылған.

img_1026

“Ерлiкке тағзым” теле­жобасы аясында түсiрiлiм топ 28 — шiлдеде Курскiден 150 шақырым жердегi Белгород қаласына сапар шектi.

Бұл қалада бiз алдымен “Курск доғасы Белгород ба­ғытында” атты мұра­жай-диорамасына аял­да­дық. Мұражай 1987 жыл­дың 4 тамызында салта­натты түрде ашылған. 1993 жылдың 4 тамы­зы­нан бастап мұражайда “Со­ғыс аймағы” атты экс­по­з­иция жұмыс iстеп ке­ледi. Мұражай ғимараты доға үлгiсiнде тұрғызыл­ған. Мұражайға кiрер ал­дында ИС-3 танкiсi, ИСУ-152 өзi жүретiн орудие, 3 миномет пен қарулар қой­ы­лған. Ғимараттың артқы жағында ашық аспан ая­сында Ұлы Отан соғысы жылдары техникалар қой­ыл­ған алаң бар. 2 қа­баттан тұратын мұра­жай­да Белгород бағытында өткен шайқас туралы де­рек­тер бар. Шайқас та­қы­рыбын қамтитын сенсор­лы киоскiден барлық де­рек­тердi оңай та­ма­ша­лау­ға болады.

img_1089

Белгород қаласында сол жазықсыз жапа шеккен жандарға арналған бауырластар зи­раты бар. Қарапайым ха­лық­тың Белгородта бол­ған үшiншi күнi бiздi “Бел­город 24” медиасының ди­ректоры, Ресей журналис­тер Одағы­ның Бел­го­род­тық бөлi­мiнiң төра­ға­сы Вита­лий Абра­мов қабыл­дап, теле­ар­на мен газет редакция­сы­ның жұмыс­та­ры­мен та­ныстырды.

img_0697

Бiр қызы­ғы, осы ар­на­да режис­сер болып қыз­мет ат­қа­ратын Олег Михайлов деген азамат Кеңес Ода­ғының Ба­тыры, Бел­город қа­ла­сы­ның Құр­мет­тi аза­ма­ты, жер­лесi­мiз сайрамдық Зия­мат Ху­са­нов атында­ғы көшенiң тұр­ғыны бо­лып шықты. Зия­мат Хуса­нов атына берiл­ген көшеде не­бәрi 30-ға жуық үй бар екен. Мiне, осы көшеде батырдың не­ме­ресi Отабек Хусенов ба­ба әруағына бағыштап құ­ран оқытты.

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!