dsc_0320

БЕРIЛМЕГЕН БРЕСТ

Облыстық мә­ли­хаттың хатшысы Құдай­бер­­ген Ержанның бастама­сы­мен  Белоруссия елiне са­пар ұйымдастырылған бо­латын. Шымкент-Мәскеу-Минск сапарының алға қойған мақсаты өте ау­қым­ды болатын.

dsc_0104

Сондай-ақ, Ұлы Отан Соғ­ысының жеңіспен аяқ­талға­нына 70 жыл толуына орай Беларусия жерiнде соғыс­қан қазақ батырла­рының iзiмен жүре отыра доку­мент­тi фильм түсiрiп, баба­лар рухына тағзым етiп қайту басты мақсаты­мыз болды. Бұл жобаның авто­ры облыстық мәслихат­тың депутаты, тележурна­лис­ти­ка­да өзiндiк мектеп қалып­тас­тырып келе жат­қан елi­мiзге танымал аза­мат «Айғақ» телерадио­ко­мпа­ния­сының Бас дирек­торы, ҚР Президентi жа­нындағы БАҚ жөнiндегi қоғамдық кеңестiң мүшесi Дулат Әбiш болатын.

dsc_0331

Астанасы Минскiден бастап Брест, Гомель, Витебск, Мо­ги­лев, сынды күштi қалалары жер­мен жексен ете бомбыланған. Сол жылдары 2 млн 230 мың адамы­нан айырылса 240000 мыңы Гер­ма­нияға құлдыққа айдалыпты.

Минскi қалалық комитетiнiң арнайы қаулысымен 2009 жылы бұ­рынғы Уборевич мектебi халқы­мыз­дың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтiң есiмiмен аталыпты. Ал­дын ала хабарланған болуы керек бiздiң мектеп директоры Александр Бочаров бастаған ұстаздар қауымы және пионерлер қарсы алды. Хал­қы­мыздың атын әлемге әйгiлеген Мұхаєа арнайы мұражай ашылып­ты. Күллi қабырғаны алып жатқан әйнектi шкафтарға жазушыға және халқымызға қатысты жәдiгерлер, кiтаптар, киiмдер, музыкалық ас­пап­тар, ұлттық киiмдер қойылып­ты. Бiздiң риза болғанымыз  9-10 кластық оқушылар әйгiлi «Абай жо­лынан» үзiндiлер оқып, талдап оны­мен қоса басқа да қазақ жа­зу­шылары жөнiнде тәптiштеп айтып бергенi болды. Премьер-Министр К.Мәсi­мов арнайы келiп мектеп жұмы­сы­мен танысып, елшiлiк тарапы­нан жәрдем бергiзiп кетiптi. Мек­теп ұжымы қазiргi елiмiздiң Бе­ла­русиядағы елшiсi Ерғали Бөлеге­нов мырзаға дән риза көңiлде. Ке­зiн­де өзiмiз оқыған Беларус әде­бие­тiнiң алыптары Янка Купала, Якуб Колас, Адам Мицкевич, Василь Бы­ков, Максим Танктiң бүгiнгi ұрпақтары халқымызға, оның ұлы пер­зенттерiне деген үлкен құрме­тi­мен тәнтi еттi.

dsc_0355

Бiздiң бұдан кейiнгi сапарымыз Брест-Витебск-Могилев-Гомель бағытына ойысты. Елдiң шетi жау­дың бетi деген қазақ теңеуi дәл Брестке ар­налған десе болғандай.

1941 жылы 22 июньде яғни соғыс басталған кезде тоқтап қал­ған сағатты мұражайдан көрдiк. Бүгiнде 320мың халқы бар, табиғаты таңғажайып Брестке 1965жылы «Батыр-қамал» деген құрметтi атақ берiлдi.

dsc_0307

Бес қаруы сай, сол кездегi мөл­шер­мен алғанда ең соңғы қару-жа­рақ пен мұздай қаруланған немiс әскерiне төтеп беру қайдан оңай бол­сын. Әуеден де жерден де бұр­шақша жауған оқтан аман қалғандары некен-саяқ. Сонда да қа­мал­ды бiр айға жуық жанкештi­лiк­пен қорғаған батырлар түгелге жуық жер құшыпты.

dsc_0270

Биiктiгi бес қабат үй шамалас ке­летiн батырдың алып ескерткiшi алдында отан қорғаушылар ант бе­рiп, 9-май мерекесi тойланып, жұп құрған ғашықтар гүл шоқтарын қойып тағзым етедi. Бґрi жара­сым­ды да орынды. Облыстық мәс­лихаттың хатшысы Құдай­бер­ген Ержанов мырза алапат соғыс­тың зардабы мен сол жолда жан қиған жалпы кеңес солдаттары және жерлестерiмiз жөнiнде тебi­рене сөз сөйледi. Тура осы Брест қамалын қорғауда жанқиярлықпен ерлiк жасаған Берген Исаха­нов, Ғаббас Жұматов, Әбдiразақ Мәмиев сынды қазақ батырлары­ның есiмi гранитке өшпестей жа­зы­лыпты.

dsc_0051

Беларуссия жерін азат ету жолында Берген Исаханов, Садық Әбжаппаров, Сейтқасым Әшіров, Хасан Мамытов, Сүндетқали Есқалиев, Бақтыораз Бейсекбаев сынды алты қазақ Кеңес Одағының Батыры атаныпты. Соның ірі осы Брест облысы, Баранович ауданы, Забольте деревнясын жаудан тазартуда өшпес ерлік көрсеткен шежірелі Отырар жерінің ержүрек ұлы – Сейтқасым Әшіров болатын.

1944 жылдың 8-ші шілдесінде сержант Әшіров бастаған барлаушылар тобы жау тылына еніп, минамет батареясын талқандап, 7 фашистті офицерімен қоса тұтқынға алып, екі ауыр жүк тартатын машинасын жойып жібереді. Осыны күтіп отырған 332-ші атқыштар полкі шұғыл шабуылға шығып, жаудың бекінісін бұзып-жара түп-түгел қырып салады. Осы ерлігі үшін Сейтқасым Әшіровке КСРО Жоғары Кеңесінің 1945 жылы 24 марттағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры, Ленин ордені «Қызыл Жұлдыз» Медалімен қоса тапсырылады.

dsc_0283

Беларус жерiндегi елiмiздiң Төтенше және өкiлеттi елшiсi, ТМД жарғылық және басқа органда­ры­ның жанындағы тұрақты өкiл қыз­метiн қоса атқарушы Бөлегенов Ерғали Бөлегенұлы елден келген бауырларына дастархан жайып, арқа-жарқа әңгiмелесiп Беларус жерiмен, экономикасымен және екi ел арасындағы достық қарым-қа­тынас жөнiнде келелi әңгiме айт­ты. Өз кезегiнде облыстық мәс­лихаттың хатшысы Қ.Ержанов мыр­за ел мүддесiн арқалап жырақ­та жүрген азаматқа домбыра мен асық мүсiнделген әдемi сувенир сыйлап, еңбегiне жемiс тiледi.

 

Әбдiмґлiк БЕЛГIБАЙ,

ҚР Журналистер одағының мүшесі




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!