Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Туған жер» бағдарламасын кеңінен насихаттау мақсатында «Айғақ» телеарнасы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен еліміздің бас қаласына «Ұлы дала автокеруені» сапарға аттанған болатын. Қыркүйектің 1-күні жолға шыққан автокеруен Астана қаласына барып, жоспарлы мақсатты орындады. Ал,4-қыркүйек күні Қарағанды облысы арқылы кері қайтқан делегация мүшелері бүгін таңертең Жезқазған қаласынан жолға шықты. Ал, сағат 18-00-де жүздеген шақырымды артқа тастайтын автокеруен үш жүздің басын қосқан Ордабасы биігінде сапарды қорытындылайды.
Айта кетейік, қоғамдық делегация құрамында Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы Молдабай Ильясов, Қазығұрт аудандық Қоғамдық Кеңесінің мүшесі Мұхтар Момынов, Қазақстанның мәдениет қайраткері Нышан Төлегенов, Ордабасы ауданының Құрметті азаматы Рымкүл Ертаева, «Нұр Отан» Партиясы Ордабасы аудандық филиалының төрағасы Бостандық Жакей, Арыс қаласының Құрметті азаматы, Қоғамдық Кеңестің мүшесі, «Ырыс алды-ынтымақ» ұйымының аудандағы төрағасы Балқыбеков Қонысбек және аудандық әкімдіктің бөлім басшылары, мектеп директорлары мен белсенді жастар, телеарнаның шығармашылық тобынан құралған 30 – дан астам адам бар.
«Айғақ-ақпарат».