ҚР Парламенті Сенатының жаңа депутаттары дүйсенбі күні ант берді.
Сонымен, ант берген депутаттар арасында мыналар бар: бас прокуратураның арнайы есеп және құқықтық статистика комитетінің экс-басшысы Сәуле Айтпаева, сенат аппараты басшысының бұрынғы орынбасары Владимир Волков, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бұрынғы орынбасары Дархан Калетаев, сондай-ақ «Қазғарыштың» бұрынғы басшысы Талғат Мұсабаев та бар.
Сондай-ақ, Қарағанды облысының әкімі Рысқали Әбдікеров, Ақмола облысының депутаты Дәурен Әділбеков, Атырау облысының депутаты Ғұмар Дүйсембаев, Ақтөбе облысының депутаты Мұхтар Жұмағазиев, Оңтүстік Қазақстан облысының депутаты Әлімжан Құртаев, Алматы облысының депутаты Нұрлан Қылышбаев, Астана қаласынан — Еділ Мамытбеков, Шығыс Қазақстан облысынан — Дүйсенғазы Мусин, Жамбыл облысынан — Абдалы Нұралиев, Павлодар облысынан депутат Нұржан Нұрсипатов, Солтүстік Қазақстан облысынан депутат Ерік Сұлтанов, Батыс Қазақстан облысынан — Нариман Туреғалиев та ант берді.
ҚазТАГ